Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2003 0 пікір 11 Мамыр, 2012 сағат 09:55

ЖАС ҰРПАҚТЫ ЖАЛҒАНДЫҚҚА БАУЛЫП ЖҮРГЕН ЖОҚПЫЗ БА?

Соңғы кездері «Хабар» арнасында Арман Дүйсенов, Мұқасан Шахзадаев, Нұржан Төлендиев бастап, әзіл-сықаққа құрылған бағдарлама жүргізіп жүр. Аталмыш бағдарламаның тұсауын кескеніне де көп болған жоқ. Мәселе, ол бағдарламаның жарыққа шыққандығы емес, бізді мазалайтыны кейбір азаматтардың біресе ана бағдарламада, біресе мына бағдарламада жылтыңдап, жиі көрінетіні.
Ұмытпасақ, осыдан бір-екі жыл бұрын «қыз зорлады» деген атпен Нұржан Төлендиевтің аты дауға іліккен еді. Тіпті, кейбір ақпарат көздерінде оны ішкі істер қызметкерлерінің оқиға болған күні ұстап алғандығы туралы да жазылды. Әрине, «жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайтыны» белгілі. Кейінірек, ол жігіт өз атын арашалап алу үшін, бұл сөздің бәрінің дақпырт екенін айтып ақталған еді. Қалай десек те, сол оқиғада Нұржанның бір шикілігі болған сияқты. Ол даудан басын қалай ақтап алды, мәселе онда емес.

Тіпті, біз өзіміз азғындаған, ұятсыздық бел алған деп айыптайтын Батыс елдерінің өзінде аты мұндай дауға ілігіп, моральдық тұрғыдан айыпталған адамдардың ел алдында, жұрт алдында пікір айтуына жол берілмейді екен. Өзін сыйлайтын, мәдениетті адамдар ондайлармен бірге өнер көрсету былай тұрсын, қол беріп амандаспайтын да көрінеді. Ал бізде қалай? Мүлдем керісінше, кейбіреулердің аты дауға ілігіп, масқарасы шығып жатса да, түк болмағандай, елдің алдында, көпшілікке арнап, мораль соғып отырғандары... Жарайды, талантты азамат делік, бірақ артынан өрескел сөз ергендерді де «сүттен ақ, судан таза» секілді кейіп көрсетіп, өтірік ұялғанси қаламыз. Осы арқылы жас ұрпақтарды да өтірікке, екіжүзділікке баулып жүрген жоқпыз ба? Оларды да «Қолыңнан келсе, қонышыңнан бас» деген ең масқара моральға тәрбиелеп жүрген сияқтымыз...

Қанат ҚАҺАР
Алматы облысы

«Түркістан» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 825
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 667
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 526
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 537