Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3111 0 пікір 11 Мамыр, 2012 сағат 08:38

Ұлттық идея – Тәуелсіздік тұғыры

ҚР Президентінің журналистика саласы бойынша сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты және Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері Болатбек Төлепбергеннің «Ұлттық идея - тәуелсіздік тұғыры» атты монографиялық еңбегінде қазақтың ұлттық идеясының қалыптасуы мен дамуы ел тәуелсіздігінің тұғыры әрі алғышарттарының бірі ретінде қарастырылады. Қазақстандағы ұлттық идеяның рухани-адамгершілік негіздері мәселесі әлеуметтік-философиялық білім тұрғысынан талданады. Қазақ ұлттық идеясының тарихи-рухани қалыптасуы мен оның мазмұны болмыстық, рухани, этикалық, құндылық және әлеуметтік қырынан зерттеледі.

Ұлттық мәселелер, тарихи ақтаңдақтар және демократия принциптері турасында өз авторлығымен және құрастыруымен жиырмаға жуық кітапты жарыққа шығарған Болатбек Төлепбергеннің «Ұлттық идея - тәуелсіздік тұғыры» атты жаңа кітабы магистранттар мен докторанттарға, профессор-оқытушылық құрамына және қазақ ұлттық идеясының философиялық мәселелері қызықтыратын жалпы оқырман қауымға арналған.

Бұл тәуелсіздік hәм қазақтың ұлттық идеясының қалыптасуы мен дамуы тағылымын бүгінгі ұрпаққа сіңіру парыз. Жалпы ұлттық идея тақырыбында атқарылар ауқымды жұмыс алда. Қазақтың ұлттық идеясы мәселесінде кәсіби мамандармен қатар, қалам ұстаған қауымның жазған жаңа еңбектерін рухани айналымға қосу парыз. Бұл өсер ұлттың өрісін кеңейтіп қана қоймай, болашаққа бағдар болары анық.

Болатбек Төлепбергеннің «Ұлттық идея - тәуелсіздік тұғыры» атты кітабының тұсаукесеріне ұлттық идея тақырыбымен айналысып жүрген барша сарапшы-мамандарды, қоғамдық ұйым өкілдерін және тәуелсіздік мәселесіне бей-жай қарай алмайтын барлық азаматтарды шақыра отырып, өзара пікір алмасып, қазақтың ұлттық идеясы мәселесін бүгінде өз дәрежесінде бағамдай алып жүрміз бе деген мәселе тұрғысында ой бөлісуді жөн деп санаймыз.

Уақыты:

15 мамыр, 2012 жыл,

сағат 11.00

Мекен-жайы:

ҚР Ұлттық кітапханасы,

(Абай даңғылы 14)

Байл.тел. 8 777 555 5001

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 905
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 758
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 588
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 594