Жұма, 3 Мамыр 2024
3938 1 пікір 2 Маусым, 2021 сағат 11:42

Моңғолия балаларға Pfizer вакцинасын екпек

Моңғолияның Денсаулық сақтау министрі С.Энхболд үкіметтің 2,5 миллион доза Pfizer вакцинасын сатып алу туралы келісімге қол қойғанын хабарлады.

«Біз 1185991 балаға вакцина егуге дайындалып жатырмыз. Қазіргі уақытта бүкіл әлемде, Еуропалық Одақта, Канадада және АҚШ-та 12 мен 15 жас аралығындағы балалар вакцинацияланады. Біздің елімізде Pfizer көмегімен 12-17 жастағы балаларды вакцинациялау да жоспарланған. Егер 12 жастан 17 жасқа дейінгі 290000 балаға вакцина егілсе, халықтың 68,6% -ы толықтай вакцинацияланады», - деді ол.

11 миллион бала немесе әлемдегі коронавирусты жұқтырғандардың 13% -ы 18 жасқа толмағандар. Моңғолияда 13197 бала коронавирусты жұқтырған.

«17 жасқа дейінгі балалар арасында инфекциялар саны көбеюде, бұл балаларға вакцина егілмегендігімен байланысты. Балалардағы инфекциялар тәулігіне барлық расталған жағдайлардың 26-30% құрайды», - деді С.Энхболд.

Моңғолия COVAX бағдарламасы бойынша 10000 дозадан астам Pfizer вакцинасын алды. Ел үкіметі онымен жүкті және емізетін аналарға вакцина егу туралы шешім қабылдады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 841
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 689
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 539
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 545