Сенбі, 11 Мамыр 2024
1702 0 пікір 15 Мамыр, 2021 сағат 20:03

Еңбек адамын қорғау: Қазақстандағы алғашқы кәсіподақ 116 жыл бұрын құрылған

Кәсіподақтар федерациясы – Қазақстандағы 2 миллионға жуық еңбеккердің басын біріктіріп отырған ең үлкен әлеуметтік-қоғамдық ұйым десе артық айтқандық емес.

Ел тарихына еміс-еміс көз жүгіртсек, Кәсіподақтық қозғалыстардың бас тарихы сонау жиырмасыншы ғасырға барып тіреледі екен. Дәл сол уақытта Қазақстандағы алғашқы Кәсіподақдық ұйым құрылған.

1905 жылдың желтоқсан айында қазіргі Қарағанды облысы орналасқан аумақта Өспен мыс кенішінің жұмыскерлері бірлесіп, ұйым құрады. Ол – Қазақстандағы ең алғашқы Кәсіподақтық ұйым ретінде ресми тіркелген.

Ал КСРО билігі тұсында, 1948 жылы Бүкілодақтық Орталық Кәсіподақтар Кеңесінің (БОКК) XIX Пленумының қаулысын басшылыққа алып, соның негізінде біріңғай орталық орган ретінде ұйымдастырылған. Оны Қазақ кәсіподақтар кеңесі басқарған.

Онан соң, 1990 жылдың желтоқсан айында Қазақстан кәсіподақтарының кезекті сьезі өтіп, онда ҚазКСР Кәсіподақтар федерациясын құру туралы декларация қабылдаған. 1992 жылдың наурызынан бастап ҚазКСР Кәсіподақ федерациясы – ҚР Кәсіподақтар федерациясы болып бекітілген.

Міне, құрылғанына 116 жылдан асып жығылған бұл органға бүгінде еліміздегі 2 миллионға жуық еңбеккер қауым ресми мүшелікке өткен екен.

Бүгінгі таңда ҚР Кәсіпкерлер одағы – елдегі еңбеккер қауімнің құқығын қорғаушы бірден-бір ұйымға айналған. Өйткені, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, жұмыс берушілер  мен мемлекеттік органдар алдында жұмыскерлердің құқықтарын қорғауды аталған ұйым өз жарғыларына енгізген. Кәсіподақтар федерациясы бүгінгі таңда еңбеккерлердің құқығым қорғау мен қамтамасыз етуге қатысты Заңдық һәм нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру, сол арқылы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, осы бағыттағы ұлттық саясатты әрі қарай дамыту мен күшейту мақсатындағы қызметін жалғастыруда.

Биыл Қазақстан халқы үшін ерекше жыл. Биыл ел Тәуелсіздігіне 30 жыл. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылды «Қазақстан Тәуелсідгінің 30 жылы» деп белгілеген.

Биылғы мерекелі жылдың құрметіне орайластырып, Қазақстанның Кәсіподақтар федерациясы да 2021 жылды «Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жылы» деп жариялаған екен. Бұл идеяғы бастамашылық еткен – Кәсіподақтар федерациясы.

Кешегіміз бен бүгінімізді қалыптастырып, тоғыстырған – еңбек. Елдегі еңбеккер қауымның, еңбек адамының бүгінгі бет-бейнесін, оның тұрмыстық әлеуетін көтеру бойынша жұмыстарды әрі қарай да жалғастыру, кәсіподақтар тарихын жаңғырта отырып, еңбеккерлер қауымын ел ішінде кеңінен насихаттау бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі.

Осы ретте біз бүгін Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымының өкілі, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының» БҚО-дағы кәсіптік ұйымының төрағасы Марат Оразалыұлы Даупаев туралы аз-кем сөз еткенді жөн көрдік.

Марат Оразалыұлы – студенттік шағынан кәсіподақ ұйымын басқарған. Өз ісіне деген ерекше ынта-жігері һәм жауапкершілік пен еңбекқорлығының арқасында облыстағы білім-ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымына төраға атанған.

Марат Оразалыұлы Даупаев – 1964 жылы 5 қазанда бұрынғы Орал облысында (қазіргі БҚО) қарапайым еңбеккерлер отбасында дүниеге келген. А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының дене шынықтыру және спорт факультетіне оқып, әскери борышын Мәскеуде және Беларусьтің Гродно қалаларында өтеген. Кейін Орал педагогикалық институтын аяқтаған соң ҚазССР Білім және ғылым министрлігінің жолдамасымен өзі білім алған Орал педагогикалық институтының «Буревестник» спорт клубына төраға боп тағайындалады. Онан кейін, Институт қабырғасында орналасқан студенттік кәсіподақ комитетінің төрағасы, 1998- 2014 жылдары М.Өтемісов атындағы БҚО мемлекеттік университетіндегі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы қызметтерін атқарады.

2000 жылы Санкт- Петербург мемлекеттік дене тәрбиесі университетінде ғылыми диссертациясын қорғап, педагогика ғылымының кандидаты атанған. Осы уақыт аралығында Марат Оразалыұлы ондаған ғылыми, зерттеу материалдарын жазып, ізденушілік материалдары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған.

Марат Оразалыұлы қазақша күрестен Қазақстанның спорт шебері. Ол 2014 жылы облыстыө конференция шешімімен, Батыс Қазақстан облыстық білім-ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы болып таңдалған. Ал 2018 жылы Марат Оразалыұлы өз басқарып отырған кәсіподақ ұйымына қайта басшылыққа сайланады.

Ол өзінің қажірлы еңбегі, табанды жұмысының арқасында «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен, Кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығында «Үздік кәсіподақ көшбасшысы» марапатымен марапатталған.

Марат Оразалыұлының жеткен жетістіктері елдің нағыз «Еңбеккер бейнесі» атауына лайық-ақ. Оның білім-парасаты мен күш-жігері өзінен кейінгі жас еңбеккерлерге үлгі болары анық.

Тақырыпқа тұздық:

Өткен айда ғана, Дүние жүзілік еңбекті, еңбеккерлерді қорғау күні қарсаңында Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов еңбекті қорағу мәдениетін қалыптастыру керектігі, Үкіметтің осы бағытта қабылдап жатқан шаралары туралы егжей-тегжейлі баяндаған еді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1926
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2067
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1722
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1523