Жұма, 3 Мамыр 2024
46 - сөз 8393 9 пікір 31 Мамыр, 2021 сағат 17:10

Мамин Үкіметі 167 көлік түрін қайдан алып отыр?

Міне 30 жыл болды биліктің халыққа ертегі айтып, алдап келе жатқанына. Әліде сол қалпынан таймай айта беретін сияқты. Содан болар жұрттың қазір биліктің айтқанына, уәдесіне сене бермейді. Өйткені биліктен халықтың көңілі қалған.

Соңғы күндері әлеуметтік желілер шулап жатқан мына бір масқара деректі естіген боларсыздар. Мамин Үкіметінің артын ашқан саясаттанушы Санжар Боқаев мынадай деректерді алға тартыпты. Айталық: Қазақстанда 167 түрлі көлік шығарылады екен. Соның ішінде әлемдік нарықта ерекше орын алатын 22 көліктің түрі бар көрінеді. Ал, әлемде автокөліктерді шығарудан алғашқы бестікке кіретін Жапон елі не бәрі 14 көліктің түрін шығарса, Германия 15 көліктің түрін өндірске қоя алған екен. Бұлармен салыстырғанда Қазақстан 167 көлік түрін соның ішінде 22 бренді көлік шығаруды жолға қоя алыпты. Олар елімізде соңғы 10 жылда ашылған 130 зауытта шығады екен. Бұл деректер Үкіметтің сайтында орналастырылыпты. Міне Үкіметтің кезекті алдауы. Кезекті ертегісі. Мамин Үкіметі кімді алдап отыр? Өздерін бе, әлде халықты ма?

Бізде көлік шығаратын 130 зауыт жоқ екені бесенеден белгілі. 167 түрлі көлік шығару автоалыптар елі Жапон мен Германияның қолынан келмегенде экономикасы мешеу, жемқорлық жайлаған Қазақстанның қолынан келді дегенде кім сенеді? Рас, бізде азды көпті көліктер шығарылады. Бірақ оны Made in Kazakhstan деуге келмейді. Біз бар жоғы даяр келген дүниені құрастырамыз. Оны Қазақстанда шығарылған деп емес, Қазақстанда құрастырылған десе дұрыс болар еді. Сонда деймін –ау Мамин Үкіметі 130 зауытпен 167 көлік түрін қайдан алып отыр? Су жұқпас суайттың айтқандары ғой, бұл. Масқара!

Ақиқатын айтсақ, мұндай үкімет елді басқара алмайды.

Доғарысқа кеткені жөн.

Азаматхан Әміртайдың жазбасы

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 864
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 723
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 555
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 563