Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Билік 4820 21 пікір 21 Мамыр, 2021 сағат 13:18

Михаил Гусман: Тоқаев - нағыз дипломат

ТАСС агенттігі бас директорының бірінші орынбасары Михаил Гусман «Эхо Москвы» радиосының бағдарламасы барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа баға берді. 

«Қасым-Жомарт Тоқаев түрлі кезеңде Қазақстанда қандай ең ірі айқындаушы позиция мен лауазым болса, солардың барлығында қызмет атқарды. Ол Сыртқы істер министрі, Сенат төрағасы болды. Президенттік резиденцияға келгенге дейінгі өмірінің басым бөлігі дипломатиялық қызметпен байланысты. Ол кәсібі бойынша да, әңгімелесу мәнері бойынша да нағыз дипломат», - деді Михаил Гусман.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы барынша байсалды, дипломатиялық мәнерде сөйлейтін, әрбір сөзі әуелгі айтқан сөзімен астасып жататын адам. Оның әңгімелесу формасы өте тартымды», - деп қосты ТАСС агенттігі бас директорының бірінші орынбасары.

Сонымен қатар ол осыдан бір жыл бұрын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан сұхбат алған кезіндегі әсерімен бөлісті.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың мамырында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТАСС агенттігі бас директорының бірінші орынбасары Михаил Гусманға эксклюзивті сұхбат берген болатын.

Abai.kz

21 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 262
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 129
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 123
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 106