Жексенбі, 12 Мамыр 2024
3280 1 пікір 14 Мамыр, 2021 сағат 14:31

Тәжік лагері отқа оранды

Сирияның Хасаке провинциясының солтүстік-шығысындағы Аль-Хол босқындар лагеріндегі өртте тәжік әйелдері мен балалары тұрған бес шатыр өртеніп кетті. 

Тәжікстанның Кувейттегі елшілігі, Сириядағы тәжік әйелдері мен балаларын отанына қайтару мәселелерімен айналысады, босқындар лагеріндегі өрт туралы ақпаратты растады.

Аль-Хол лагерінде тәжік әйелдері мен балаларының саны  400-ден асады. Олардың барлығы «Ислам мемлекеті» содырларының отбасыларының мүшелері және 2017-2018 жылдан бері сол лагерьде тұрып жатыр. Лаңкестер жеңіліс тапқаннан кейін, лагерь күрд жасақтарының бақылауына өткен.

Аль-Хол лагері БҰҰ-ның қаржылай көмегімен құрылды. Содырлардың әйелдері мен балалары отанына оралғанға дейін сол лагерьде тұратын болады. Лагерьдегі тәжік әйелдері Тәжікстанға оралуды төрт жыл бойы күтіп келеді. 9 сәуірде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 500 тәжік әйелдері мен балалары өз елдеріне қайтарылатынын айтқан еді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1942
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2158
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1782
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1534