Жұма, 3 Мамыр 2024
Билік 3882 12 пікір 23 Сәуір, 2021 сағат 13:42

АҚШ Тоқаевты қолдайды

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен телефон арқылы сұхбаты өтті.

Тараптар халықаралық күн тәртібі мен екіжақты қарым-қатынастардың маңызды мәселелерін, оның ішінде кеңейтілген стратегиялық серіктестікті тереңдету перспективаларын талқылады.

М.Тілеуберді Президент Қ. Тоқаевтың жолға қойған Қазақстанның әлеуметтік-саяси жүйесін одан әрі демократизациялауға бағытталған реформалар жөнінде хабардар етті. АҚШ Мемлекеттік хатшысы, өз тарапынан: «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси реформалар жоспарын АҚШ табанды қолдайтынын» мәлімдеді.

Сонымен қатар, Қазақстан мен АҚШ арасында дипломатиялық қатынастардың 30-жылдығына арналған іс-шараларға дайындық пен олардың кестесі және С5+1 диалог платформасының жуырда өтетін онлайн-отырысы қарастырылды.

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 796
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 611
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 496
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 508