Жұма, 3 Мамыр 2024
3240 0 пікір 23 Сәуір, 2021 сағат 13:31

Жаңаөзенде жұмысшылар ереуілі басылған жоқ

Жаңаөзенде жалақы өсіруді талап етіп, бірнеше күннен бері ереуілдетіп жатқан "МұнайФилдСервис" компаниясына аутсорсинг келісім-шартпен қызмет көрсетіп жатқан "MADIBA" компаниясының жұмысшылары 21 сәуірде жұмыс берушіден ереуілдің "заңсыз екені жайлы" ескерту хат алған,-деп хабарлайды Centralasian.

Бұл туралы жұмысшылардың өздері хабарлады.

"MADIBA" мекемесінің басшысы Г.Айтжанов қол қойған хатта Еңбек кодексінің 171-172 баптарына сілтеме беріліп, жұмысшылардың әрекеті "заңсыз" деп жазылған.

"Жұмысты тоқтату туралы әрекеттеріңіз Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес келмейді, сол себепті сіздерге бүгіннен бастап жұмысты жалғастыру туралы ұсыныс беріледі" деп жазылған хатта.

Мекеме басшылығы хатта сонымен бірге жұмысшылар талабы "МұнайФилдСервис" компаниясы мен "Қазмұнайгаз" акционерлік қоғамымен талқыланып жатқанын да хабарлаған.

Ереуілдеген жұмысшылар белсендісінің бірі Жеңіс Бопиловтың айтуынша, жұмысшылар талаптары орындалмай, тарқамауға бекінген.

"MADIBA" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің елу шақты жұмысшысы жалақыны көбейтуді, өздерін "МұнайФилдСервис" мұнай сервис компаниясына штатқа қабылдауды талап етіп, үш күннен бері жұмысты тоқтатып тұр. Олар 19 сәуірде Жаңаөзен қаласы әкімдігінің алдына барып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жариялаған еді. Онда олар президенттен 2020 жылдың аяғында өзі қол қойған Еңбек кодексіндегі 103-баптағы өзгерістің орындалуына көмектесуін сұраған. Бұл бапқа сәйкес, аутсорсинг компания жұмысшылары оларды жалға алған кәсіпорын жұмысшыларымен бірдей жалақы алуы тиіс.

Жұмысшылардың айтуынша, олар "МұнайФилдСервиске" екі топқа бөлініп, қызмет етеді. Бірінші топ бұрғылаушылар көмекшісі міндетін атқарса, екінші топ әртүрлі жұмыс істейді.

Наразы жұмысшылар "МұнайФилдСервис" мұнайшыларымен бірдей еңбек ететіндерін айтып, жалақысын олардың деңгейіне, яғни 200 мың теңгеге дейін өсіруді сұрап отыр.

Азаттық тілшісі әзірге компания басшылығынан жауап ала алмады. Жаңаөзен қаласы әкімі Мақсат Ибағаров бұған дейін Азаттыққа "MADIBA" ЖШС серіктестігін еңбек инспекторларының тексеріп жатқанын айтқан.

Бұған дейін Жаңаөзенде "Бұрғылау" компаниясына мердігер "Фиркрофт" ЖШС-інің жұмысшылары да осыған ұқсас талап қойып, жұмысын тоқтатып, ереуілге шыққан. 21 сәуірде "Бұрғылау" жұмысшылары олардың ереуілін қолдап, жұмысын бір сағатқа тоқтатқан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 717
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 532
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 445
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 461