Сенбі, 4 Мамыр 2024
Билік 2993 0 пікір 21 Сәуір, 2021 сағат 13:57

Заңда жауапкершілік нақты жазылуы керек

Мемлекеттік сыртқы қарызды игермегені үшін жауапкершілік мемлекеттік органның бірінші басшысына жүктелуі тиіс. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин осылай деді. Бүгін жалпы отырыста депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» тиісті заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, сыртқы қарыз қаражатын игермегені үшін жауапкершілік, «бұлыңғыр болмауы» тиіс. Ол нақты жазылуы керек. Егер құжаттың Үкіметтің нұсқасын қабылдайтын болсақ, онда іс жүзінде жауапкершілік ұйымның бірінші басшысын жауапкершіліктен алып тастап, орынбасарға жүктелетіні түсінікті. Бұл барлық жерде болады. Сондықтан да, мұндай сәйкессіздіктерге жол беруге болмайды.

Нұрлан Нығматулин сыртқы қарыздың игерілмеуі бюджеттен қосымша шығындарға алып келуі мүмкін екенін атап өтіп, тиісті норманы заңнамалық деңгейде бекіту арқылы мемлекеттік органның бірінші басшысының жауапкершілігін күшейту қажеттігін айтты.

Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасының пікірінше, жергілікті бюджетті болжау кезінде аймақтардың ерекшелігі ескерілуі тиіс.

Сондықтан, депутаттар жергілікті бюджетке түсімдерді болжау тәртібін жергілікті уәкілетті органдарға беруді ұсынады.

Осыған сәйкес, Палата Спикері заң жобасындағы аталған нормаларды екінші оқылымға дейін пысықтау қажеттілігін айтты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1027
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 896
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 675
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 755