Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
4239 3 пікір 8 Сәуір, 2021 сағат 13:15

Тоқаев неге отандық екпе салдырмады?

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың неліктен отандық вакцина салмағанына қатысты әлеуметтік желі қолданушыларының сауалына жауап берді.

 Баспасөз хатшысының айтуынша, Президент коронавирусқа қарсы отандық екпені келесі жолы салдырады екен.

«Азаматтарымыз әлеуметтік желілерде Мемлекет басшысының бұған дейін қазақстандық вакцина салдырамын деп, бірақ оны күтпей, «Спутник-V» екпесін алғаны жөнінде сұрақтар қоюда.

Президенттің әрқашан да отандық өнімді қолдайтынын сенімді түрде айта аламын. Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағандыда шығарылған вакцинаны салдырды және біздің ғалымдарға толық сенеді. Қазақстандық вакцина өндірісі іске қосылғаннан кейін Мемлекет басшысы Жамбыл облысына барып, кәсіпорынның жұмысымен арнайы танысуды жоспарлап отыр. Президент келесі жолы коронавирусқа қарсы отандық екпені салдыруға ниетті.

Президент коронавирусқа қарсы күресте халықты жаппай вакцинациялаудан басқа балама жоқ екеніне сенімді»,- деп жазды Берік Уәли.

Айта кетейік, 6-сәуір күні Президент Тоқаев ресейлік «Спутник-V» вакцинасын алғаны туралы ақпарат шыққан.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1592
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1492
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1242
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1211