Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 5039 6 пікір 6 Сәуір, 2021 сағат 18:25

Тоқаев «Спутник V» вакцинасын салдырды

Мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник-V» вакцинасын салдырды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те мәлімдеді.

«Бүгін Мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник-V» вакцинасын салдырды. Президенттің вакцина салдырғаннан кейінгі хал-жағдайы жақсы. Ешқандай жанама әсерлер жоқ», - деп жазды.

Баспасөз хатшысының айтуынша, Мемлекет басшысы вакцина салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана Қазақстан азаматтары коронавирусты жеңе алатынына, барлық шектеулер алынатынына, халықтың қалыпты тұрмыс-тіршілігіне қайта оралатынына сенімді.

«Қасым-Жомарт Тоқаев барша халықты мейлінше тезірек вакцина салдыруға шақырды. Бұл – өзіңді және жақыныңды қорғаудың жалғыз жолы», - деді Уәли.

2021 жылдың қаңтарында Президент коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина сәтті сынақтан өткен жағдайда екпе салыдартынын айтқан.

«Отандық вакцинаны тестілеудің оң нәтижесінен үміттіміз. Егер жақсы нәтиже болса, мен қазақстандық вакцинаны салдырамын», - деді Тоқаев 26 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Айта кетейік, 2020 жылдың желтоқсанында Қарағанды фармацевтика кешенінде ресейлік «Спутник V» вакцинасын өндіру басталды. Бастапқыда зауытта 2 миллион доза өндіру жоспарланған болатын. Ақпанда Үкімет Қазақстанда «Спутник V» вакцинасын өндіруге 15 миллиард теңге бөлді.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3585