Жұма, 3 Мамыр 2024
4694 2 пікір 24 Наурыз, 2021 сағат 14:33

Қазақстан - 45, Өзбекстан - 41 орында

World Happiness Report - әлем елдері бойынша бақыт индексін есептейтін жоба. Зерттеу жұмысы Колумбия университетінің аясындағы The Earth Institute пен Center for Sustainable Development институттары және БҰҰ-ның  UN Sustainable Development Solutions Network аясында іске асып келеді. Алғаш рет "бақыт индексі" бойынша рейтинг 2012 жылы жарияланған еді. 

Рейтингті жасау барысында елдердің ІЖӨ мен өмір сүру ұзақтығы, азаматтық бостандық, сөз, дін, баспасөз, ой еркіндігі, ажырасу мен үйлену жиілігі, жұмыссыздық пен баспананың болуы және басқа көрсеткіштер ескеріледі. Сонымен қатар халықтан сұрау алу да іске асады.

2021 жылғы рейтинг бойынша ең бақытты ел деп 7.842 ұпаймен Финляндия танылды. Ал ең бақытсыз ел 2.523 ұпаймен Ауғанстан болып отыр. Қазақстан 6.152 ұпаймен 45 орында. Өзбекстан - 42, Тәжікстан - 78, Қырғызстан - 67, Түркіменстан - 97, Қытай - 84, Ресей - 76 орынды иемденді.

Abai.kz

 

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 881
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 739
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 569
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 579