Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
5297 2 пікір 23 Наурыз, 2021 сағат 12:06

ЕАЭО. Ресей Қазақстан тауарларына шектеу қойды

Еуразиялық экономикалық комиссия Қазақстаннан қызанақ пен бұрыш әкелуді шектейтін Ресей билігінің әрекеттерін заңсыз деп таныды. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеді. 

2021 жылғы 16 наурызда Қазақстан тарапының бастамасы бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы Қазақстан Республикасынан қызанақ пен бұрыш жемістерін әкелуге ресейлік тыйым салудың заңдылығы мәселесін қарады. Алқа мүшелері мен тараптар өкілдерінің пікірсайысының қорытындысы бойынша ЕЭК Алқасы өткен жылдың соңында Россельхознадзор (Ресей Федерациясының ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі федералдық қызметі) белгілеген тыйым заңсыз болып табылады және кедергі деп танылады деп шешті.

Ресей Федерациясы ЕЭК Алқасының қабылдаған шешіміне сәйкес белгіленген тыйымдарды бір ай ішінде жою қажет.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 16 желтоқсанынан бастап Россельхознадзор Павлодар облысынан қызанақ пен бұрыш әкелуге, ал 2021 жылдың 18 қаңтарынан бастап Ақтөбе және Алматы облыстарынан қызанақ жемістерінің қоңыр әжім вирусының (Тomato brown rugose fruit virus) қазақстандық өнімде болуына сілтеме жасай отырып, тыйым салды.

«ЕАЭО-ның құқықтық базасына сәйкес фитосанитариялық бақылау және тиісті шаралар жалпы келісілген Тізбеде бар вирустарға қатысты ғана қолданылады. Алайда, Россельхознадзор қолданыстағы келісімдерді бұза отырып, бақылау шараларын жүргізіп, қазақстандық өнімдерді әкелуге тыйым салды.

Жеке зерттеулер, соның ішінде Нидерландыда жүргізілді, олар қазақстандық қызанақтар мен бұрыштарда қандай да бір вирустардың жоқтығын дәлелдеді.

Біздің бастамамыз бойынша бұл мәселе осы жылдың қаңтар-ақпан айларында ЕАЭО органдарының алаңында бірнеше рет қаралды. Барлық серіктестер, ресейліктерді қоспағанда, бізді қолдады. Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлескен жұмыс нәтижелері бойынша ірі жеткізушілерден шектеулерді алып тастауға мүмкіндік туды.

Сонымен қатар, жалпы қазақстандық өнімдерді әкелуге тыйым салу жұмысын жалғастырды.

Тыйым салу белгіленген сәттен бастап Қазақстандық кәсіпорындар 200 млн. теңгеден астам соманы жоғалтқанын атап өткім келеді. ЕЭК алқасы біздің дәлелдерімізді естіді және Ресей билігінің әрекеттерін тосқауыл деп таныды» - деп атап өтті сауда және интеграция вице-министрі.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 206
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 99
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 95
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 46