Сенбі, 4 Мамыр 2024
4709 0 пікір 17 Наурыз, 2021 сағат 11:28

Алматы облысында карантин режимі күшейтіледі

Алматы облысында соңғы аптада коронавируспен ауырғандардың өсу қарқыны 0,6 процентті құрап, өткен тәулікте 99 жағдай тіркелген. Осыған байланысты өңірде карантин режимі күшейтіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында облыс басшысы Амандық Баталов айтты. 

Бүгінде инфекциялық стационардың толымдылығы 43 процентті, реанимациялық төсектер толымдылығы 15 процентті құрап отыр.

Баталовтың айтуынша, инфекциялық стационардағы төсектер саны 412-ге көбейтіліп, қазір саны 1 550 бірлікке жеткізілді.

Биылғы жылдың басынан бастап 11 ПЦР-зертханасында 137 мың тест өткізілген. 391 мобильді бригада коронавирус күдігі бар науқастардың үйіне барып 50,7 мыңнан астам медициналық қызмет көрсетті.

Облыста ауру деңгейінің өсуіне байланысты карантиндік режим күшейтілді.

Белгілі болғандай, мектепке дейінгі мекемелердің, қоғамдық тамақтану объектілерінің, діни ұйымдарының, қоғамдық моншалар мен көліктің жұмысы сағат 17-ге дейін, ойын-сауық объектілері мен мейрамханалардың жұмысы сағат 21-ге дейін келушілер санын ескере отырып шектелді. Демалыс күндері облыста толық локдаун енгізіледі.

«Алматы қаласы мен облыс арасында халық көші-қонының жиілеуіне байланысты қала маңындағы Жамбыл, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ, Іле аудандарында ауру деңгейінің біршама өсуі байқалады, бас санитарлық дәрігерлер шектеу шараларын күшейту жөнінде жекелеген қаулылар қабылдады», - деп атап өтті А.Баталов.

Өңірде карантиндік шараларды сақтау жөніндегі мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілді.

1 қаңтардан бастап 6797 рейд барысында 449 карантиндік режимді бұзу анықталды, 410 хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина салу 30 егу пунктінде жүргізіледі, 6883 адамға екпе жасалды.

Атап өтсек, қазір Алматы облысы «сары» аймақта тұр. Ауруханаларда 685 адам ем қабылдап жатыр, соның 22-сінің жағдайы ауыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1043
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 923
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 686
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 776