Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2444 0 пікір 4 Сәуір, 2012 сағат 07:32

АҚШ-та қаржы алаяғын 150 жылға темір торға отырғызды

АҚШ-та қаржы алаяқтығы үшін айыпталған Флориданың 61 жастағы тұрғыны Эндрю Хамильтон Уильямсқа 150 жылға түрмеге отырғызуға үкім шығарылды, деп хабарлады Лента.ру.
Бұл туралы Федералдық барлау бюросының сайтында мәлімделген. Үкім 30 наурызда шықты.

Сот шешімімен үш жыл жазасын өтегеннен кейін Уильямс құқық қорғау органдарының қадағалауында болмақ.
Уильямс инвесторлардың жылжымайтын мүлікті кепілдікке қойған займдарын өтеуге уәде берген Metro Dream Homes компаниясын құрған. Клиенттерден кемінде 50 мың доллар инвестициялар салу талап етілді. Бұл үшін қаскүнемдер клиенттердің бес-жеті жыл кепілде жатқан қарызын төлеуге тиіс болды.
Компанияның гүлденіп келе жатқанына көз жеткізу үшін алаяқтар қымбат қонақүйлерде  өз бағдарламаларының таныстырылымдарын өткізген. Олар клиенттердің қарызын инвестициялардан алынған кіріспен өтеуге уәде берді, алайда алаяқтар жаңа жарналар есебінен бұрынғы клиенттердің қарыздарын жауып отырды.
Бұл схема 2005-2007 жылдары әрекет етті. Бұл бағдарламаға мыңнан астам адам 78 миллион долларға жуық қаржы салды.
ҚазАқпарат

0 пікір