Жұма, 3 Мамыр 2024
Қоңырау 4400 14 пікір 12 Наурыз, 2021 сағат 13:51

Хиджап дауынан феминистер шеруіне дейін...

Мұрнағы жылы Білім министрлігінің мектеп ауласына хиджапсыз кіру ережесіне қарсы шыққан діндар ата-аналардың әрекеті жұрт назарын аударса, кешелі бері жыныс азаттығын талап етушілердің рұқсат етілген митингісі көп талқысына түсуде.

Қазанның бетіне шыққан көбік сияқты, қазақ қоғамында түрлі құндылықтарды ұстанатын топтардың пайда болғаны күн өткен сайын жарияға шығуда. Батыс қоғамында Аристотел заманынан келе жатқан эстетикалық, адами құндылықтар нарықтық-экономикалық қатынастардың ықпалынан түбегейлі өзгеріске ұшыраса, ұлтымыздың ғасырлар сынынан өткен салт-санасы демократиялық дәстүрі жоқ орысқа бодан болғаннан кейін мәдени экспансияға, идеялогиялық жаныштауға тап болып, басқаша сипат берілгені белгілі. Кеңес одағы ыдырағаннан кейін, шетелдің жұмсақ күштері қызыл идеялогияның орнын басуға тырысты. Олар көмескі сипатта, халықаралық ұйым, қоғамдық қор, мәдени ұйым форматында елімізге де енді. Қазақ жері алуан түрлі ағымдардың семинар, мотивация алаңына айланды. Хиджап дауы мен фемнистер шеруі сол үрдістердің жемісі.

Хиджап дауынан гөрі фемнистер шеруі тым сенімсіз шықты. Кісілік құқықтың сақталуын қадағалайтын әлемдік қауымдастықтың сынына ұшыраған биліктің бедел жинау әрекеті деп бағалауға да болады. Бір жыныстылардың (гей, лесбиянкалардың) қоғамда көрініс бере бастағаны Пушкин мен Құрманғазыны сүйістіріп, Алматының көрнекі жерлеріне ілген плакаттырынан белгілі болған. Әнші Сәкен Майғазиев бастаған белсенді топ олар бас қосатын кафені жабуды талап еткен. Болмаса өртеп жіберетіндерін ескерткен. Биліктің қоғамда наразылық туындайтынын біле тұра митнигке рұқсат беруі мақсатты қадам екені айтпаса да түсінікті. Шеру белсенділерінің әрекетінен де алаңға өз ұстанымдарын қорғауға деген ділгірліктен шықпағаны аңғарылады. «Келін құл емес, қызға қырық үйден бостандық», «Алаш көсемдері де әйел теңдігін талап еткен» деген секілді жалауларынан ұлттық құндылықтарға қарсы идеялогиялық сипат көзге ұрады. Америкадағы сияқты олар нағыз жыныс азаттығын көксеушілер болса, ұлттық, саяси нышаны бар жалау көтермей, бей саналы әрекет етуі тиіс еді, біздікілердікі сыртқы күштердің ықпалынан туындаған құр еліктеу екені көзге ұрып тұр. Қазір қоғамда тұрмыстық зорлық өршіп тұрғаны шындық. Оған «Солтүстік өңірлерден гөрі оңтүстік өңірлерде көп», «Қалалардан гөрі ауылдарда көп», деп ұлттық сипат беріп, бір жақты қарауға болмайды. Көріп отырғанымыздай қазақ халқы тарихта бүгінгідей рухани алауыздыққа, тоқырауға ұшыраған емес. Билік дала өркениеті мен ислам дінінің тоғысуынан пайда болған ұлттық құндылықтарымызға қаншалық салғырт қараған сайын, оған деген сұраныс соншалық артып келеді. Феминистер шеруінен туындаған әлеуметтік желідегі пікірлер қайшылығы соны көрсетеді.

Есбол Үсенұлы

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 628
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 377
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 369
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 374