Сейсенбі, 21 Мамыр 2024
3742 0 пікір 9 Наурыз, 2021 сағат 15:12

Алматыда Болатхан Тайжанның мемориалдық тақтасы ашылды

Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері Болатхан Тайжанның құрметіне мемориалдық тақта ашылды. Бұл туралы ҚазАқпарат мәлімдеді. 

Тақтаның ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Болатхан Тайжанның жұбайы мен ұлы, профессор М. Сүлейменов, дипломат Х. Омаров, ҚазҰТУ проректоры У. Сыдықов және ҚР СІМ өкілдігінің басшысы Е. Ысқақов қатысты.

Әкімнің орынбасары Е. Бабақұмаров өз сөзінде қоғам қайраткері Болатхан Құлжанұлының қоғамымыздың саяси мәселелерін қалыптастыру мен шешудегі маңызды рөлін және оның еңбегін мемлекеттің жоғары бағалауын атап өтті.

Алматыда Болатхан Тайжан атындағы көше бар. Ендігі оның есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында мемориалдық тақта ашылды. Б.Тайжан көп жылдар бойы төтенше және өкілетті елші болып істеген, кейін Алматыда тұрды.

«Мен бұл адам өз халқына адал адам болғанын айтқым келеді. Ол кадрлық дипломат болды, сол кезде де, қазір де мұндай дипломаттар аз. Өз ісін жақсы білетін және Қазақстан үшін көп іс жасаған адам еді. Өйткені ең қиын кезең – ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдары болатын. Алғаш рет байланыс орнатып, жол салу керек болды және Болатхан қай жерде болса да бұл жұмысты өте жақсы орындады. Мысалы, Иеменнің консулы болса да азамат соғысы кезінде оқ астында, өз өмірін қатерге тігіп, кеңес азаматтарын пароходқа апарып, еліне жіберген.

Мысырдағы елші болған кезде Қазақстанды әлем мойындау үшін көп күш жұмсады, сондай-ақ Египетте Абай атындағы көшенің ашылуына қол жеткізді. Ал ең үлкен жетістігі – оның көмегімен Қазақстан Ислам Конференциясы Ұйымына кіргені, бұл орасан зор еңбек. Ол маған конференция жабылған соңғы сәтте Қазақстанды осы қуатты, танымал ұйымның мүшесі деп жариялағаны туралы көп айтқан еді», - деді профессор М.Сүлейменов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2197
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2583
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2518
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1682