Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2856 0 пікір 26 Наурыз, 2012 сағат 11:09

Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздік оқиғасы бойынша 37 тұлғаға қатысты алғашқы сот отырысы өтеді

Ертең, 27 наурыз күні сағат 10.00-де Ақтау қаласында 2011 жылдың 16-17 желтоқсанында Жаңаөзен қаласында орын алған жаппай тәртіпсіздік оқиғасы бойынша

37 тұлғаға қатысты қылмыстық іс бойынша алғашқы сот отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін өткен брифингте ҚР Жоғарғы сотының ресми өкілі Оксана Петерс мәлім етті.

«Сот отырысы 37 сотталушыны, 100-ден астам жәбірленуші мен 45 куәгерді сыйғыза алатын «Арман» жастар орталығының ғимаратында өткізіледі. Сондай-ақ қылмыстық процесске 6 мемлекеттік айыптаушы, 12 қорғаушы қатысады деп күтілуде. Сот үдерісінің ашықтығы мен жариялылығын, істің жан-жақты қаралуын қамтамасыз ету мақсатында сот талқылауының барысын бақылаушыларға және зардап шеккендер мен айыпталушылардың туыстары, құқық қорғау органдарының өкілдері үшін барлық жағдай мен қосымша орындар қарастырылған», - дейді Оксана Петерс.

Оның айтуынша, БАҚ үшін арнайы баспасөз орталығы да жұмыс істейтін болады. Әрбір сот отырысының нәтижесі бойынша облыстық соттың ресми өкілі журналистерге арнап брифинг ұйымдастырады.

Тоқтала кететін жайт, аталған қылмыстық іс бойынша 37 тұлға айыпталуда. Айыпталушылар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптарымен күш қолданғандары, қиратулар, өртеу, бұзу, мүлікті жоюға ұласқан жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырғаны, үкімет өкіліне қатысты күш қолданып, тонаушылық жасағандары үшін айыпталуда.

30 тұлғаға қатысты «қамауға алу» түріндегі бұлтартпас шарасы, 7 тұлғаға - «ешқайда кетпеу және өзін-өзі дұрыс ұстау» жөніндегі қолхат арқылы шара қолданылған.

«Осы қылмыстық іс бойынша жәбірленушілер қатарында жеке тұлғалар, өртенген автокөлік иелері, мейрамханалар, дүкендер мен кеңселердің иелері және Жаңаөзен қаласының бірқатар кәсіпкерлері бар», - дейді О. Петерс.

ҚазАқпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 633
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 401
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 372
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 374