Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2745 0 пікір 26 Наурыз, 2012 сағат 11:07

Бейбіт Қорғанның үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін

Атырауда танымал әнші Бейбіт Қорғанның үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

Концерттер арасындағы үзіліс кезінде Бейбіт Қорған қалалық «Ақ жайық» газетінің тілшісі Айнұр Сапароваға сұхбат берген. Тілшінің кейбір эстрада орындаушылары ауыратын «жұлдыз ауруы» туралы қойған соңғы сұрағы әншіге ұнамай қалып, ол диктофондағы жазбаны өшіруді талап еткен. Журналист сұхбатты газетке жарияламайтынын, бірақ жазбаны өшірмейтінін айтқан. Бұдан кейін журналист қыз бөлмелердің біріне 40 минутқа қамалып, денесіне жеңіл жарақаттар жасала отырып, одан диктофонды тартып алу әрекеттері жасалған.

Бұл оқиғаның басылым ұсынған нұсқасы. «Журналист қыз оқиға жайлы газеттің редакторына хабарлағаны ресми түрде мәлім болды. Оқиға орнына келген басылымның басшылығы полицияны шақырған. Сараптама белгіленді. Содан кейін кінәлілердің үстінен қылмыстық іс қозғау немесе әкімшілік жазаға тарту мәселесі шешілетін болады», -деп ақпараттандырды облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысыГүлнәзира Мұхтарова.

«Біздің қызметкер сот-медициналық сараптамадан өтті. Дәрігерлер жеңіл дене жарақаттарын белгіледі. Енді біз тергеу амалдары немен аяқталатынын күтудеміз. Одан әрі, қайткенмен де істі сотқа дейін жеткіземіз», - деді «Ақ жайық» газеті бас редакторының орынбасары Виктория Ли.

Дереккөз: ҚазАқпарат

today.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 661
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 443
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 399
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 400