Жұма, 3 Мамыр 2024
Жауап 3595 1 пікір 15 Ақпан, 2021 сағат 14:39

Еуропарламент «санкциясы» һәм министрліктің жауабы

Өткен аптаның соңында БАҚ-та Еуропарламент депутаттарының Қазақстандағы саяси жағдайды қатаң сынап, санкция енгізуді ұсынғаны хабарланған болатын. Олар Қазақстанда тәуелсіз ұйымдар мен саяси белсенділерге қысым күшейгенін айтып, «Қазақстандағы адам құқықтары мәселесіне қатысты» арнайы резолюция қабылдаған.   

Осыған байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап, сынның орынсыз екенін айтты.

Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Еуропарламенттің Қазақстан адам құқықтарын бұзды делінген қарарын біржақты деп атаған. Ведомство өкілдерінің пікірінше, қарар мәтіні елдегі нақты жағдайды бұрмалап отыр.

- Онда Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарына қатысты ахуалға біржақты, объективті емес сын-пікірлер бар деп есептейміз. Біздің пікірімізше, қарардың мәтіні еліміздегі істердің нақты жағдайын бұрмалайды және бұл деструктив топтардың жалған ақпаратын азық қылған бөтен ниетті саясаткерлердің бастамасымен жасалған.

Қазақстан адам құқықтары саласындағы өз міндеттемелерін мақсатты және үдемелі түрде іске асырып жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес кең ауқымды саяси реформаларды іске қосты.

Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер Президент бастамашылық еткен реформаларды қолдайтынын ескере отырсақ, Еуропарламенттің бұл құжаты дайындау кезінде пайдаланған мәліметтердің анықтығы күмән туғызады.

Сондықтан жаңа қарарда «ескі кейстердің» көп жүруі бізді таңғалдырмады, әдетте олар бір құжаттан екіншісіне «көшіп» жүреді. Сондай-ақ, Еуропарламенттің бірқатар мүшесі еліміздің дамуындағы өзекті үрдістерге қатысты оң пікірге қарамастан, ішкі партиялық тәртіп тәжірибесіне сәйкес осы қарарды қабылдауға дауыс бергенін түсінеміз.

Объектив еуродепутаттарға алғыс білдіреміз, олардың арқасында резолюцияда Қазақстандағы объектив өзгерістер мойындалды. Атап айтқанда, Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің құрылуы мен қазақстандық биліктің реформалардың жаңа кезеңін жариялауы, яғни, құқық қолдану тәжірибесі, сот жүйесін дамыту және адам құқықтарының басымдығы мәселелері, - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Сондай-ақ, Қазақстанда өлім жазасын жою, азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші факультативтік хаттаманы ратификациялау құпталғаны айтылды.

- Қазақстан билігінің салық органдарының айыппұлдарды өндіріп алу және бірқатар ҮЕҰ қызметін шектеу жөніндегі шешімін қайта қарау және күшін жою туралы шешімі оң бағаланды, бұл туралы 2021 жылы 3 ақпанда жарияланған болатын, - деді ресми өкіл.

Айбек Смадияров Еуропарламентпен алдағы қарым-қатынастың келешегі қандай екенін айтты.

- Қазақстан Еуропалық Парламентпен жұмысты, оның ішінде «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» парламентаралық ынтымақтастық комитеті сияқты өзара іс-қимылдың маңызды құралы арқылы жалғастыруға дайын. Сонымен қатар, біз үшін тиісті диалогтың адал әрі өзара сыйластықта болуы өте маңызды, - деді ол.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 872
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 729
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 562
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 572