Сенбі, 4 Мамыр 2024
2690 1 пікір 25 Желтоқсан, 2020 сағат 18:03

Nur Otan: «Ашық партия. Ашық пікір-талас. Ашық кездесу»

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу қарқынды жүріп, бүгін де насихат топтары жұмысын жалғастырды. 

Жеке кәсіпкер, "Nur Otan" партиясынан қалалық мәслихат депутаттыққа үміткер, "Біргеміз, Қазақстан!" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тасқынбай Бұрлыбаев, "Nur Otan" партиясынан Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына үміткер, “Главстройнаб Алматы” ЖШС директоры Нұрдаулет Үмбеталиев және белсенді жас, қалалық жастар мәслихатының депутаты, Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына "Nur Otan" партиясынан үміткер Жансері Суетовтерден тұратын бүгінгі насихатық топ Ә.Қастеев атындағы Өнер және дизайн колледжінің ұжымымен кездесті.

Еліміздің жарқын болашағы үшін, балаларымыздың қолайлы, әрі қауіпсіз ортада өмір сүруіне ықпалын тигізіп келе жатқан "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырған насихат тобы бас Партияның ұсынып отырған сайлауалды 5 жылдық бағдарламасын кеңінен түсіндіріп, сайлаушылар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныс-талаптарын тыңдап, алдағы күндері оң шешімін табуға атсалысатындарын жеткізді.

Партия бағдарламасына сәйкес, алдағы бес жылда «Nur Otan» партиясының бастамасымен мынадай істер жүзеге асырылады:

- Ескі қалашықтағы «Цитадель» мұражайын қайта құру жұмыстары ағымдағы жылы аяқталады.

- 2021-2022 жылдары Амфитеатр бой көтереді;

- 2023 жылы Зообақ және Дендросаябақ жаңартылады;

- 2024 жылы Қошқар ата өзенінің бойы абаттандырылады;

- 2025 жылы Абдел-Азиз баб, Ибрагим ата, Мирали баб, Қарашаш ана, Қызыр мұнарасы, Сайрам (Исфиджаб) қалашығы толық жаңартылады;

- 2022-2023 жылдары 3 тематикалық саябақ («Гастросаябақ», «Қызғалдақтар», «Дастархан» саябақтары) ашылады;

- Қалада мемлекеттік тілдің қолдану аясы кеңейтіліп, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін оқып-үйренуіне жағдай жасалынады;

- Этноконфессияаралық ахуалдарды мониторингілеу мен қарама-қайшылықтарды жедел оқшауландырудың тиімді тетіктерін қалыптастырады;

- Тарихи мұраны, археологиялық ескерткіштерді, архитектураны, мәдениет объектілерін сақтауға бағытталған ғылыми, археологиялық және туристік жобалар іске асырылады.

«Nur Otan» партиясы - тұрғындардың сапалы өмір сүруі үшін нақты жоспарларды іске асырады. Сонымен қатар, партия алдағы бес жылда мәдениет және туризмді дамытуға бар күш жігерін жұмсайтын болады. Біз Шымкент қаласының туристік әлеуетінің, оның ішінде тарихи-мәдени және зиярат ету туризмі әлеуетінің жоғары екенін көрсетіп, 2025 жылға қарай туристер санын 1 млн-ға жеткіземіз», – деді үміткерлер.

Үміткерлерді жақсы қарсы алған колледж ұжымы 10 қаңтар күні саяси науқанда ҚР азаматы ретінде белсенділік танытып, саяси науқанда болашақ ұрпақтың қолайлы, қауіпсіз өмір сүруге ықпал ететін “Nur Otan” партиясына сенім артып, бас партияны қолдайтындарын жеткізді. Сауатты да, көрегенді өткен кездесуде бағдарламаны мұқият тыңдаған қызметкерлерге акция аясындағы брошюралар мен Бас партияның сайлауалды бағдарламалары таратылды.

Ескерту. Материал Шымкент қаласындағы "Nur Otan" партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 999
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 866
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 654
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 729