Сенбі, 4 Мамыр 2024
2512 0 пікір 25 Желтоқсан, 2020 сағат 17:03

Ақсуда бюджеттік сала мамандарымен кездесу өтті

Ақсу аудандық партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер аудандық «Қобызшы Молықбай Байсақұлы» атындағы мәдениет үйінде ауданымыздың білім беру, медицина саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесуге облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Данияр Ахмолдаев, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Қайрат Абдрахманов, Ләззат Қасымбекова, Раушан Ақсубаева қатысты.

Кездесу барысында үміткерлер партияның жетістіктерімен, қоғамдық қызметтерімен және сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, үнпарақтар таратты. Партиялық бағдарламада халықтың тыныс-тіршілігі, еңбегі, денсаулығы, білім, әл-ауқаты, құқығының қорғалуы басты назарға алынғанын жеткізіп, осы бағыттар бойынша көптеген жобалар жасалып, жүзеге асуына «Nur Otan» партиясы барынша ықпал ететінін жеткізді.

Білім беру мен медицина саласында атқарылатын басты жұмыстар атап көрсетілді. Кездесуге қатысушылар кандидаттарға сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Жалпы көптеген мәселелердің шешу шарасы Ақсу аудандық «Nur Otan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында қарастырылғанын айтып өтті. Жиын соңында қатысушыларды 10 қаңтар күні дауыс беруге шақырды.

Ескерту: «NUR OTAN»  партиясы Ақсу аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 996
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 865
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 654
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 728