Жұма, 3 Мамыр 2024
Масқара! 7543 28 пікір 25 Желтоқсан, 2020 сағат 15:54

Федоровтың ұйымы кімді, неден азат етпекші?

ҚР ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімовтің,

ҚР ІІМ министрі Ерлан Тұрғымбаевтың,

ҚР Бап прокуроры Ғизат Нұрдәулетовтің наразына!

Әлгінде ғана Ресей парламентарийі Қазақстанның территориялық тұтастығына көз алартып, жерімізге, Тәуелсіздігімізге сұқтанды. Мыңдаған, миллиондаған қазақтың қанымен келген жеріміз бен мемлекеттігімізді жоққа шығарды. «Қазақтың жері Ресей мен КСРО-ның сыйлығы», «Қазақстан территорияны қайтаруы тиіс» деген мағынада түрлі пікірлер айтты.

Ресей Думасының В.Никонов, Е.Федоров, В.Жириновский секілді депутаттарының «соғыс» тілеген бұл сөздеріне ҚР Сыртқы істер министрлігі мен бірлі-жарым саяси партия үн қатып, «олардікі – қысыр сиырдың қыңырлығы» деп сөйлегенімен, орыс Думасының депутаттары дегендерінен қайтқан жоқ. РФ және РФ аумағынан тыс орналасқан орыстілді бұқаралық ақпарат құралдар арқылы дүркін-дүркін сөйлеп жатыр. Әлі де...

Евгений Федоров | Радио «Комсомольская правда»

Әсіресе, Евгений Федоров дейтін адам. Ол да Владимир Путин басқаратын «Единая Россия» партиясының өкілі. Ресейдің Федералды Думасының бес мәрте депутаты болған, қазір мемлекеттік Думада депутат. Бюджет және салық комитетінің, «Единая Россия» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі. РФ мемлекеттік кеңесшісі. Ауған соғысының ардагері және «Ұлттық азат ету қозғалысы» саяси бірлестігінің лидері екен.

Депутаттық мандатты алмас бұрын, Ресей президенті әкімшілігінде, Қорғаныс кеңесінде қызмет істеген. Атом энергиясы жөніндегі вице-министр болған. Отставкадағы полковник деген шені тағы бар.

Қазақстанның территориясы мен Тәуелсіздігін мойындамайтын Думаның Федоров дейтін депутаты – Ресейдегі «Ұлттық азат ету қозғалысының» лидері дедік қой. Дәл осы «Ұлттық азат ету қозғалысы» (народно освободительное движение, қысқаша - НОД) 2012 жылы Ресейде құрылған. Оның негізін қалаушы - Евгений Алексеевич Федоров.  Штаб-пәтері – Мәскеуде орналасқан.

Ең сорақысы сол – Федоровтың «Ұлттық азат ету қозғалысының» бір филиалы Қазақстанда да жұмыс істеп жатыр екен. «НОД АСТАНА» деп аталатын сайттары ашық тұр. Жәй тұрған жоқ, «Біздің қатарымызға қосыл» деп, шақырып тұр.

Басқы бетінің өзінде-ақ: «1991 жылы Қазақстан 40 жылдық қырғи-қабақ соғыстан АҚШ-қа жеңілді!» деп, жазылған.

Онан соң: «Қазақстан 1991 жылдан бері АҚШ-тың колониясы болып келеді. АҚШ-тың құлы болма! Құлдыққа – «жоқ» де! Астанадағы Ұлттық азат ету қозғалысына қосыл!» дейді.

Әрі қарай тіпті сорақы: «Теңге доллардың туындысы. Қазақстанның Еегемендігі жоқ. Біздің құқықтық кеңістікте Конституция басымдығы жолындағы Путиннің бағытын қолда» дейді.

Ресей Конституциясын өзгертуге қатысты бірнеше мәлімдеме жасаған. Одан кейін: «Біз АСТАНА ҰАҚ (НОД АСТАНА) КСРО мен Қазақстанда туған кез келген азамат өз жерінде лайықты, өз елінде бейбіт, мақтанышпен өмір сүргісі келеді деп есептейміз» деп, келіп, экономиканың құлдырауы, тұрмыстың төмендігі туралы сөз етеді.

Сөйтіп: «Про-батыстық пропоганда бізге «саясат лас іс» деген ойды тықпалап келді. Не үшін? Азаматтар ештеңенің байбына бармауы, саясатқа жоламауы үшін. Билікті АҚШ пен оның жақтастарына, соның ішінде Ұлыбританияға беріп қойып отыру үшін.  

Ояныңдар! Дұрыс іс-әреккет етуді бастаңдар! Заңды түрде! АСТАНА ҰАҚ-на қосыл!

Бланкіні толтырып, қолыңды қой да, КСРО ликвидациясы туралы заңсыз шешімнің күшін жоюды талап ет!» дейді.

Өздерінің айтуынша, «НОД» жақтастарының саны бүгінгде 194 543 адамды құрайды екен. Осы уақытқа дейін Қазақстанда 28 049 акция өткізіпті.

Жоғарыда аталған ұйымның лидері – Дума депутаты Евгений Федоров екенін айттық. Ал мынау Астанадағы (Нұр-Сұлтан) топтың үйлестірушілері екен.

Лучин Юрий Александрович

НОД-тың интернеттегі жұмысы бойынша үйлестіруші

Женекова Ирина Дмитриевна

Парақшаның авторы және редакторы

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратурасының басшыларының назарына!

Ел ішінде іріткі салып, Қазақстанның Тәуелсіздігін мен территориялық тұтастығын мойындамауға, Қазақстанды Ресейдің құрамына қосуға үгіттеп отырған Федоровтың ұйымы басқа-басқа емес, еліміздің дәл астанасынында ашықтан-ашық жұмыс істеп отырғанын қалай түсінуге болады?

«НОД АСТАНА» деген сайт та ашық жұміс істеп тұр. Бұғатталмаған!

http://astana.rabstvu.net/

Ондағы көрсетілген ақпаратқа көз жүгіртсек, мекен-жайы: Астана қ. Сығанақ көшесі 19 деп, көрсетіліпті.

Айтпағымыз -  еліміз бен жерімізге көз алартқан арандатушылардың ашық үгіт жасауы – Тәуелсіздігімізге үлкен қатер екені анық! Бұл бассыздықтың жолы қашан кесіледі?

Ресейдің «Ұлттық азат ету қозғалысы» (НОД) Қазақстанда не үшін жұмыс істеп тұр. Олар Қазақстан халқын кімнен азат еткелі жүр. Қазақстан онсыз да азат, егемен ел емес пе?! Неге Қазақстан халқын Ресей президенті Путинді қолдауға шақырып отыр? Әлде олардың түпкі мақсаты Қазақстанды Ресейге қосып алу ма?

Қазақстанның қауіпсіздік қызметі неге өзге елдің тәуелсіздігімізге қауіп төндіретін үгіт-нәсихатына шектеу қоймай отыр. Жауапты органдар осы бассыздықты наразға алуы керек деп есептейміз.

Abai.kz

28 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 938
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 791
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 613
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 640