Жұма, 3 Мамыр 2024
3391 0 пікір 9 Желтоқсан, 2020 сағат 13:23

Армения президенті Путиннен көмек сұрады

Армения президенті Армен Саркисян Ресей президенті Владимир Путинге Армения мен Әзірбайжан арасындағы шекараны демаркациялауды қолдау мәселесі бойынша хат жолдады. Бұл туралы News.am мәлімдеді. 

РА Президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Саркисян Ресей Президентіне Таулы Қарабахтағы қантөгісті тоқтатуға және жаңа шығындар мен қайғылы оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік берген оқ атпау режимін орнатуға алып келген күш-жігері үшін тағы бір рет алғыс айтты.

Сонымен бірге, ол, өкінішке орай, шекараны белгілеу мәселесі бойынша тараптар арасындағы жаңа даулардың ықтимал қаупі әлі де бар екенін атап өтті.

Мәселенің айрықша маңыздылығы мен өзектілігін ескере отырып, Саркисян Ресей Федерациясының Президентінен Армения мен Әзірбайжан арасындағы шекараны демаркациялау процесіне және одан әрі шиеленіс пен жағымсыз жағдайларды болдырмауға көмектесуін сұрады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 600
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 343
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 347
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 350