Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3368 0 пікір 30 Қаңтар, 2012 сағат 06:29

Рәзиға Әшеева. Қазақстан парламенті үшін демократия сағымға айналды

Бесінші сайланған Парламент көппартиялы болды деп, мұны демократияға балап жатырмыз. Енді «демократияны дамытпай жатырсыңдар» деп кінә тағатын Американың болсын, Батыс елдерінің болсын,  аузына құм құйдық десек, онымыз бола қояр ма екен? Өйткені демократия дегеніміз - көпшіліктің азшылықты бағындыруы емес. Олай болса, біздің көпппартиялы Мәжілісте демократияның осы принципі бұзылып отырған жоқ па? Бұл сұраққа жауап беру үшін халықаралық тәжірибеге назар аударып көрелік. Батыс елдерінде халықаралық тәжірибе бойынша Парламент көппратиялы болған жағдайда оны басқаратын спикер өзі мүше партияның ғана  сойылын соқпауы үшін спикер болған мезгілде белгілі бір партияға мүше болмай, одан шығуы тиіс. Бұл үрдіс Ұлыбританиядан басталып, ол халықаралық тәжірибеде қолданылатын болды. Ал, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин Мәжіліс  Төрағасы болып сайланғанмен, «Нұр Отан» партиясының мүшелігінен шықпады. Мәжіліс  өткен шақырылымдағыдай бір партиялы емес, көппратиялы. Олай  болса, демократия принципі бұзылып отыр. Мәжілістің жаңа құрамының жасақталуы туралы философия ғылымының докторы, профессор Аманкелді Айталы:

«Демократия - дегеніміз  көпшіліктің диктатурасы емес, азшылықты сыйлау. Демократия бойынша палата спикерінің біреуі оппозициядан болуы керек еді. Бұл үрдісті де Мәжіліс сақтамады. Бір партияның билеп, төстеуі осы шақырылымда да көрініп тұр. Демократияның азшылықты сыйлаудың бір көрінісі  ретінде комитеттердің біреуін басқаруды оппозициялық партияға беру қажет еді. Олай болмады, жеті комитеттің  де төрағасы  «Нұр Отан» партиясынан сайланған депутаттар. Мен тіпті, мынаны айтар едім: Халықаралық тәжірибені былай қойғанда, біздің қазақтың дәстүрлі демократиясында «төбе би» болудың бар екенін  неге еске алмасқа?  Сол себепті бұл Мәжіліс бірнеше партияның өкілдері болғандықтан, түрі демократиялық болғанмен, мазмұны авторитарлық болып қала беретінін қайталап айтамын. Бір партияның монполиясы, идеологиясы,  осы үрдіс осылай бола береді».
Біз қоғамға демократияның үлгісін көрсете алмадық. Осыдан кейін Мәжілістің осы үлгісін мәслихаттар да ұстанады. Біздің Қазақстандағы парламентаризмнің дамуының мардымсыздығы осындайдан. Және Мәжілістің ең бір кемшілігі билікке өте жақындығын айтпай қалуға болмайды. Мысалы, әр сайлау сайын депутаттардың жартысы жаңарып тұратын болса, оның астарында тәжірибесіз адамдарды алып келіп, соларды пайдалану арқылы көптеген заңдарды өткізу саясаты  бар. Әлемдік тәжірибеде Парламентті  10 пайыздан артық жаңартпайды. Америкада, тіпті, кейде 5 пайыз ғана ауысады. Сенаторлар көп өзгере қоймайды. Парламентке 35-40 жасында келіп, 70-80 жасқа дейін отыратындар да бар.  Мемлекет депутаттардың тәжірибелілігін өте жоғары бағалайды. Жаңару жетістік емес, керісінше үлкен кемшілік. Осы жолы да біздің парламент көптеген тәжірибелі депутаттардан айрылып қалды. Оның есесіне көптеген тәжірибесі жоқ адамдар келді.  Бұл да әлемдік тәжірибемен үйлеспейтін үрдіс, - дейді.
Жалпы, демократия Қазақстан Парламенті үшін ұстатпайтын сағым іспетті. Мәжілісті «демократияны дамытамыз», деп   таратамыз, одан соң қайта құрамыз,   осылай Мәжіліс таратылумен келеді. Ендігі жерде қазақстандық өз демократиямыз Парламенттің іргесін бекіте қойса...
«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 813
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 642
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 510
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 524