Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3996 0 пікір 26 Қаңтар, 2012 сағат 04:58

Көрнекті ғалым Коченов дүниеден өтті

62 жасқа толған шағында Қазақ халқының шынайы Досы, қазақстандық белгілі оқымысты, философ, Еуропалық табиғи ғылымдар Академиясының академигі, Экономика мен социология бойынша  Италья Академиясының академигі, Қазақстанның педагогика ғылымдары Академиясының және Ақпараттандыру бойынша Халықаралық Академиясының академигі - Коченов  Владимир Григорьевич дүниеден өтті.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінің және М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің құрметті профессоры Владимир Коченов Ақмола облысының бұрынғы Сталин ауданына қарасты Қызыл Топырақ орман шаруашылығындағы ауылда дүниеге келді.  Мектеп бітірген соң М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің геология факультетіне оқуға түсіп, аса көрнекті палеонтологтар - академик Владимир Меннер мен геология-минерология ғылымдарының докторы Валериан Громовтардың басшылығындағы палеонтология кафедрасында маманданды.
Кейінірек Туризм және спорт Академиясын бітіріп, спорттағы жоғарғы жетістіктерге тән психологияны зерделеді және де ҚазМҰУды Журналистика мамандығы бойынша бітірді.

«Вечерняя Астана» газеті  Владимир Григорьевич басқарған 11 жыл ішінде ҚР Президентінің бас жүлдесін алып, Қазақстан Журналистер одағы мен Қазақстан журналистика Академиясының марапаттарына ие болды. Ол рухани мұра ретінде жүзден аса ғылыми жұмыстарды, соның ішінде 3 монография  мен 2 оқулық құралы енген 20 кітап қалдырды.
В. Коченов Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптама Кеңесінің мүшесі болды, Астана қалалық Орыс қауымдастығының филиалын басқарды.
Мемлекет алдындағы сіңірген еңбегі үшін «Құрмет» ордені мен Қазақстан Республикасының бірнеше төсбелгісімен, Ресейдің «Достыққа қосқан үлесі үшін»  құрметті белгісімен марапатталды.
Профессор В.Г.Коченовтың шығармашылық өмірбаяны Табиғи ғылымдар бойынша Еуропалық Академия (Германия) энциклопедиясына енгізілді. 2006 жылдан бастап Владимир Коченов Қазақ ЭҚжХС университетінің «Философия және социология» профессоры болды. Оның ғылыми мүддесі барынша ауқымды болып: антикалық философия, ғылымдар философиясы, этносаясат, ширектік палеонтологияны, экзистенциалдық философияны қамтыды.
Ол оқыған «Философиялар тарихы» және «Саясаттану», «Тарих пен ғылымдар философиясы» курстары студенттер мен магистранттар арасында ерекше сұранысқа түсті. Аяулы В.Коченов Түркі академиясының аясында ірі жобаны жүзеге асыруды бастап кеткен еді.
Ол - халқымызға достық қолын шынайы ұсынған айтулы Азамат болатын. Көрнекті ғалым қолтаңба іздерін Қазақстанның іргетасын бекіте түскен саяси құжат - «Ел бірлігі» доктринасын әзірлеуге белсене қатысу барысында қалдырды. Оның сол ісімен Қазақстан тарихынан аяулы бейнесі орын алады.

Досмұхамет Нұр-Ахмет
Дос Көшім
Айдос Сарым
Серік Ерғали

"Абай-ақпарат" порталының ұжымы

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 747
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 562
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 459
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 475