Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3504 0 пікір 25 Қаңтар, 2012 сағат 05:37

Ермек Тұрсынов. Шімірікпеу шыңырауы

Жазушы-драматург, кинорежиссер Ермек Тұрсыновтың көпке ой салатын мына бір мақаласын «Время» газетінен "Дат" жобасы аударып беріпті. Мақаланың маңызына орай бізді де жариялауды жөн көрдік. Автор біздің елдегі жағымпаздықтың шектен шыққанын шеней отырып, былай деп жазады: «Ал енді қайдағы жоқ бір тастың атауын президенттің атымен атау деген не сұмдық?! Оның үстіне атын өзгертіп, «Нурназен» деп қою не мазақ?! Айта кету керек, ол минерал нанотехнология бойынша жасалған. Ондай минерал табиғатта жоқ. Ол жасанды жолмен жасалған. Сонда оны жасаған кезде біздің ғалымдарымыз не ойлады екен, ә?!»

«Абай-ақпарат»

Қазақстанның зиялы қауымы, оның ішінде белгілі өнер қайраткерлері елбасыға өтініш хат жолдап, халық атынан оның «Халық қаhарманы» атағын қабыл алуын өтінген болатын.

Жазушы-драматург, кинорежиссер Ермек Тұрсыновтың көпке ой салатын мына бір мақаласын «Время» газетінен "Дат" жобасы аударып беріпті. Мақаланың маңызына орай бізді де жариялауды жөн көрдік. Автор біздің елдегі жағымпаздықтың шектен шыққанын шеней отырып, былай деп жазады: «Ал енді қайдағы жоқ бір тастың атауын президенттің атымен атау деген не сұмдық?! Оның үстіне атын өзгертіп, «Нурназен» деп қою не мазақ?! Айта кету керек, ол минерал нанотехнология бойынша жасалған. Ондай минерал табиғатта жоқ. Ол жасанды жолмен жасалған. Сонда оны жасаған кезде біздің ғалымдарымыз не ойлады екен, ә?!»

«Абай-ақпарат»

Қазақстанның зиялы қауымы, оның ішінде белгілі өнер қайраткерлері елбасыға өтініш хат жолдап, халық атынан оның «Халық қаhарманы» атағын қабыл алуын өтінген болатын.

Мен тізімнен олардың аты-жөндерін оқып шықтым. Екінші абзацқа келмей-ақ жалығып кеттім. Кейбіреулерінің есімдерін тіпті есіме түсіруге тырысып бақтым: иә, ондай топ, ондай хор Қазақстанда қашан болып еді? Ұмытпасам, жуырда ғана болып еді ғой. Иә, былай болған: трибунаның артында жастары біршамаға келіп қалған ағаларымыз отырған, бір кезде олардан жастары ббіраз кіші «пионерлер» залға ытқып шықты, қолдарында керней, барабандары бар.  Олар улап-шулап коммунистердің атына арнау айтқандай болды. Олардың жұмыстарын мақтап, өз істеріне шын берілгендіктерін  өлеңге қосып мадақтауларын айтып жеткізе алмайтындай болып көрінді.

Қалың қасы қабағын жапқан атақты көсеміміздің жеке-жеке сүйісіп сәлем беруді модаға енгізгені әлі есімізде. Ешкімді қалдырмай, бәрін тегіс сүйіп шығатын: металлургтерді де, дәрігерлерді де, мұғалімдерді де, шетелден келген қонақтарды да... Партиялық дәстүр солай болатын. Сондай-ақ «...барлық Совет халқы бірігіп, өзгермейтін қайырымды жетекшіліктің арқасында...» деген сияқты мадақтаулар жиі айтылатын. Партияға деген сүйіспеншілік пен шын берілгендікті жиналған көпшіліктің алдында, үлкен-үлкен залдарда, халық көп жиналатын алаңдарда көрсету мода болған еді. Ордендер мен медальдар да сол жерлерде тапсырылатын еді. Басшыларға арналып шығарылған әртүрлі одалар мен мақтау өлеңдер де сол жерлерде айтылатын. Ал ол өлеңдердің авторларына деген құрмет ерекше болатын: сән-салтанатты демалыс үйлерінде солар, арнайы асханалар мен буфеттерден тамақ алып ішетін солар, тіпті Кремльдің емханаларында емделетін де солар болатын. Ол кезде партбилетті жырту, одан қалды кейіннен өздеріне партбилет тапсырылған алаңға от жағып, оған сол партбилетті жандырып жібереміз-ау деген ой ешкімнің де үш ұйықтаса түсіне кіріп-шыққан жоқ еді...

  • Зиялы қауымы кім болса соған сүйсіпеншілікке толы ықыласты хаттар жазумен ғана шұғылданатын қоғамда барлығы дұрыс, барлығы орынша деп айту өте қиын. Өйткені олардың түсініктері өзгерген. Олар біреудің алдында жорғалау мен ардақтау дегеннің, жағыну мен алғыс айтудың, адамгершілік қасиет пен жағымпаздықтың айырмашылығын ауыстырып алған.

Ондай мақтау сөздер біздің алаңдарда да талай рет айтылып, талай қол шапалақтаулар мен құрметке ие болған. Кез келген уақытта қандай да болса мақтау сөздерін іліп әкетіп, қолдауға дайын тұратын топтар бізде де бар болатын, әлі де бар. Кімді болса да мақтауға, соған ізет көрсетуге дайын тұратындардың жанған көздері осы уақытқа дейін менің есімде... Бірақ сол кезде өзіңді ұятқа қалғандай сезінесің. Ішің біртүрлі, алай-дүлей болады. Қолайсыз жағдайға қаласың. Мысалы, бір мейрамды тойлап жатқан күні трамвайға бір бейшара сырнайымен кіріп келгенде, қайда барарыңды білмей, сасып қаласың ғой. Не қашып кете алмайсың, не ешқайда тығыла да алмайсың. Ал ол болса жан-жағындағы жұртты басып-жаншып, саған қарай келе жатады, әрі өзінің сүйіспеншілігі мен шын берілгендігі туралы әнін шырқап келеді. Оның үстіне бұл әнді саған арнап айтып келеді. Одан сасық арақтың иісі мен қолаңсаның иісі мүңкіп тұрады, сөйте тұра көздері жәудіреп, саған  кір-кір алақанын жаяды. Сен болсаң, бірдеңе беру керек қой деп, қалтаңды ақтара бастайсың, ұсақ тиын таппайсың, ірі ақшаны беруге қимайсың... Не істеу керек? Амалсыздан терезеге бұрылып, теріс айналып кетесің. Ол бейшара кішкене тұрады да, бар білгенімен іштей сені боқтап, қасыңнан өте шығады. Міне, біреуді қолдауға, қаралауға арналып жазылған ұжымдық хаттар да осы сияқты, бірде мақтап аспандатады, бірде қаралап, жерге тығады. Мен ондайлардың заманы өткен шығар деп ойлайтынмын, сөйтсем қателесіппін...

  • Мүмкін, көпшілікпен бірге болған жеңіл де шығар. Өйткені көпшіліктің арасында білінбейсің, әрі жауапкершіліктен қорғанысың мықты болады. Ал егер де жалғыз болсаң, онда жеке жауап беруің керек. Тәртіп солай. Сен жалғыз болсаң, қорғаушың болмайды. Басқа жол жоқ. Мүмкін, идеология тұрғысынан мұндай жалпылама ауру болып көріну керек те шығар. Өйткені елбасыға ол өтініш хатын жолдау үшін зиялылар қаншама еңбек етті: ол үшін бәрімен хабарласып, ерінбей бәрінің қолын жинау керек. Оның үстіне бәріне жағдайды түсіндіріп айту керек, өтіну керек... Ол да үлкен еңбекті, шыдамдылықты қажет етеді ғой!

Өкінішке қарай, мен бұл хаттың ішінен жеке тұлғаны көре алмадым. Бір топ - бұл жеке тұлға емес. Бір топ болып жиылып тұрған жиынның беті бұзылғыш келеді, әрі сөзі түсініксіз болады. Жиында айтылған сөздерді анығырақ есту қиын, әрі жеке айтылған сөздер де естілмейді. Бұл жерде менің айтайын дегенім: өтініш хатын толтырушылар қол қоюшыларға дұрыс қызмет көрсетпеген. Олар қол қоюшының жеке пікірін айту құқығынан айырды. Олар қол қоюшы зиялылардың бәрін бір жіпке тізіп, оларды жеке-жеке тұлға болу құқығынан айырды. Зиялылардың аузына бір микрофон тосып, бәрін тек қана бір дыбыс шығаруға, бір сөзді ғана айтуға мәжбүр етті. Бұл жағдай ауылдық жерде қалыңдығын алуға келген күйеу жігіттің тойын еске салады. Онда да күйеу жігіттің туысқандары тек соны ғана мақтап, бір сөзді қайталай береді ғой...

Қысқасы, менің өзім ұнататын, сыйлайтын аз ғана ардақты адамдарым бар еді, солар үшін біртүрлі ыңғайсыз жағдайды бастан кештім. Мүмкін, оларды тағы да осындай қателікке баруға душар еткен болар деп ойлаймын. Мен өз көздерінше оларды ақтап алғым келеді. Осы ойда санам сан жаққа жүгіреді: мүмкін, біреулері асығыс, ойланбастан қол қойған шығар, мүмкін, басқаша түсінген болар деген сияқты ойлар маза бермейді. Ал енді кейбіреулерінің өздері сұранып қол қойғанына еш күмәнім жоқ. Мен бұл жерде ондайлар туралы айтып тұрғаным жоқ. Менің ойым басқада. Менің түсінбейтінім: осы елге сыйлы, қадірлі, ақылды, еңбегі сіңген талант иелерін ағынан жарылып, елбасыға деген сүйіспеншілігін айтуға итермелейтін не құдірет? Оларды кім мәжбүр етті? Кім өзінің келешегі немесе бала-шағасының бұлдырлы ертеңі үшін осындай арамдыққа барып отыр? Осы істің артында кім тұр? Әлде олардың сана-сезімдері өзгерген бе? Міне, осы сұрақтар маған маза бермейді.

Мен, мысалы, Назарбаевты сыйлаймын. Ол - менің Президентім. Мен, әрине, Нұрсұлтан Әбішұлының саяси зор тұлға екенін де түсінемін. Оның есімі тарихта қалатыны да белгілі. Сондай-ақ мен біздің елдегі болып жатқан жақсылықтар мен жамандықтардың бәріне ол кінәлі емес екендігіне сенемін. Барлық құбылыстарды оның есімімен байланыстыра беруге болмайды ғой. Сонымен қатар, оппозицияның оған тағып отырған әртүрлі кінәсі де, әсіресе оған тағылған сан түрлі марапаттар да мен үшін ештеңе емес. Мен тек қана не үшін соншама кеуде қағып, сенім білдіру керек екенін түсінбеймін?! Көшелер мен алаңдарға да, зауыттар мен кемелерге де, тіпті жаңадан шыққан жұлдыздарға да нешетүрлі аттар қойылып жатыр ғой...

  • Елге сыйлы бір ақсақалдың Үлкен кісінің қолын сүйіп, қоғамға әртүрлі ой тастағаны есіңізде ме? Біреулер оны кінәлады. Ал біреулер оған қызықты да. Міне, қоғамда осы екіншілер тым көп пе екен деп қорқамын.

Мысалы, Ұзынағашта бір бензин құятын станция «Принцесса Диана» деп аталатынын білемін. Бір ресторанның «Попробуй у Афанасьича» деп те аталатынын білемін. Менің бір досымның итінің аты Терминатор. Ал енді қайдағы жоқ бір тастың атауын президенттің атымен атау деген не сұмдық?! Оның үстіне атын өзгертіп, «Нурназен» деп қою не мазақ?! Айта кету керек, ол минерал нанотехнология бойынша жасалған. Ондай минерал табиғатта жоқ. Ол жасанды жолмен жасалған. Сонда оны жасаған кезде біздің ғалымдарымыз не ойлады екен, ә?!

Ал енді қараңыз, шілденің 6-да дүниеге келген ер балалардың атын қоюда ешқандай таңдау деген жоқ, ол міндетті түрде Нұрсұлтан болады. Егер де ата-анасы оны Әлібек, немесе Әкежан деп атап қойса, қызық болар еді?! Ал қайдағы бір тастың атын адамның атымен байланыстырудың қандай қажеті бар?! Елге сыйлы бір ақсақалдың Үлкен кісінің қолын сүйіп, қоғамға әртүрлі ой тастағаны есіңізде ме? Біреулер оны кінәлады. Ал біреулер оған қызықты да. Міне, қоғамда осы екіншілер тым көп пе екен деп қорқамын. Әлде ондайларға өткен ұрпақтың өнегесі тән бе екен? Әкелерімізді түсінуге болады. Олардың заманы солай болды. Оларға өмірде қиын болды. Олар небір жағымпаздарды көрді, небір қорлыққа шыдады. Біздің осы бақытты өміріміз үшін олар небір қиыншылықтарға төзді, адамгершілік қасиеттерін аяққа басты. Әрі-беріден соң осы өміріміз үшін біз оларға алғыс айтуымыз керек.

Олармен бірге өмірдегі жағымпаздық, екіжүзділік те кетеді деп ойлайтынбыз. Бірақ олай емес екен. Мен жақында денсаулығынан сыр білдірмейтін атақты штангистердің бірін трибунадан көрдім. Оның сөйлеген сөзінен менің түсінгенім: егер де ол ту сыртынан Нұрсұлтан Әбішұлының қолдауын сезінбеген болса, онда штанганы көтере алмас еді! Не деген жағымпаздық? Не деген ауру? Ол қалайша бүкіл жан дүниеңді жаулап алады? Содан кейін қалайша бүкіл денеден өтіп, миға барады?

Байлықтың тәкәппарлық тудыратыны белгілі. Сол сияқты кедейшіліктің жағымпаздарды көбейтетіні де белгілі. Бұл жерде ойланатын нәрсе өте көп. Мен кедейшілік деп ойы тайыз адамдар туралы айтып тұрмын. Санасы құлдықтың жетегінде кеткен және өмірі отаршылдықта өткен ел қып-қысқа уақыттың ішінде дамыған тәуелсіз ел болып шыға келе ала ма? Тіпті оны түрлі-түсті алып плакаттармен әшекейлеп қойсаң да?! Бізде ондай да болған. Әрі жақында ғана болған.

«Орыс халқының мінезі қызық - ит сияқты. Ұрсаң - қыңсылайды да жатады». Бұл Чеховтың айтқаны. Антон Павлович өз халқын өзі жақтырмаған деп ойлайтын шығарсыз. Жоқ, олай емес. Ол өз халқын жақсы көргені соншалық, тіпті олардың «иттік қасиетімен» де келісе алмаған. Мұндай пікір Абайда да бар. Оқыңыз.

Есімі ұмытылмас болған Жданов күндердің бір күні: «Мәдениет шеберлері, сіздер кімдермен біргесіздер?» - деп сұрақ қойғаны бар. Ал біздің мәдениет шеберлері кіммен бірге екендіктерін ашықтан-ашық айтты. Мүмкін, оларды да түсіну керек шығар. Олардың бұған деген өз себептері де бар шығар. Бірақ бір жері ғана түсініксіз: Оған бұл керек пе? Оған қалай қиын екенін мен түсінем. Ана трамвайдағы сырнай әбден мазаны алды. Соның бір сарынды үні... Шынын айтқанда, Оған керегі шамалы. Біртүрлі ыңғайсыз жағдай. Ұят тіпті. Бізге де ол керек емес. Сонда кімге керек?

«Коммунистерден кейін мен антикоммунистерді жек көрем».

Бұл Довлатовтың айтқаны. Ештеңе істей алмайсың, бірақ, жұртқа бір сенімді пенде керек. Онсыз жұрттың күні қараң. Жұртқа бір жетекші керек. Ал соқырлар елінде жалғыз көзді адам да көреген, сәуегей сияқты емес пе?!

Әдетте әңгіменің аяғында болашаққа жетелейтін қандай да бір сенімді болжаулар айтылады ғой. Ал мен, шынымды айтсам, ондай ештеңе айта алмай тұрмын. Біздің келешегіміз туралы менде ешқандай да қиял жоқ. Біздің елімізді қаншама рет тәуелсіз ел деп жария қылғанымен, ол әлі күнге дейін құлдықтан арыла алмай келеді. Егер де сөзіме сенбесеңіз, «Қазақстан» телеарнасын қосып қойып, 10 минуттай тыңдап отырыңыз. Егер де одан бір бизнесмен, не ғалым, не жазушы, не мұғалім, тіпті бір комбайнер де сөзінің арасында «елбасының бастамасымен» деген тіркесті қосып айтпаса, онда әңгіме басқаша болады. Кейде маған Ол кісінің аты сөз арасына ұйқас үшін қосылып айтылатын сияқты болады. Бірақ елбасыға тілек айтудың аяғы әлі алыста жатыр. Той әлі жалғасуда...

Мүмкін, ойланатын кез келген шығар, ағайын?! Зиялы қауымы кім болса соған сүйіспеншілік хаттарын жазумен ғана шұғылданатын қоғамда барлығы дұрыс, барлығы орынша деп айту өте қиын. Өйткені олардың түсініктері өзгерген. Олар біреудің алдында жорғалау мен ардақтау дегеннің, жағыну мен алғыс айтудың, адамгершілік қасиет пен жағымпаздықтың айырмашылығын ауыстырып алған. Егер де мен мұндай ерекшеліктерді саясаттанушылар қатарынан байқап қалсам, ештеңе болмас еді. Бұл оларға тән қасиет. Популизм - олардың жұмыс істеу айналасы, ал екіжүзділік - бұл жүре қалыптасып кеткен рефлекс. Дегенмен, әл-Фараби даңғылының бойында түнгі шамдар неге сонша қаптап кеткені жайында әлі ешкім ойланған жоқ. Ұзынқұлақтың айтуынша, ол шамдарға пессимистер қайғыланып қарайды, ал оптимистер - құмарланып қарайды екен. Бір қарсылық сезілгендей, дегенмен мен тағы бір сұрақ қоямын: егер де бәрі астан-кестен болып, әшкерелеу әрекеті басталып кетсе ше? Онда жоғарыда айтылған тізімдегі ардақты ағаларымыздың біразы бұзақылар, нұқсан келтірушілер қатарына өтіп кетері сөзсіз. Ең қызығы - кім бірінші болып бастар екен?

Аударған - Айман ОСПАНОВА

«Абай-ақпарат»

0 пікір