Жұма, 3 Мамыр 2024
46 - сөз 3262 1 пікір 30 Қазан, 2020 сағат 12:15

Мектеп көп салынатын мемлекеттің болашағы бар

Мектеп көп салынатын мемлекеттің болашағы бар. Өйткені мектеп аз салынатын елде, түрме көп болады деген пәлсапа бар. Ол дұрыс та шығар. Өйткені мектеп ол білім, тәрбие, балалардың әлеуметтену ортасы, әріп танитын мекені, жалпы былайша айтқанда өмірге дайындалатын ордасы. Мектептің көп болғаны жақсы.

Қазақстанда үш ауысыммен оқу мәселесі осыдан он жыл бұрын өткір мәселенің бірі еді. Себебі мектеп тапшылығы болды, ал бар мектептердің сапасы сын көтермеді. Төбесінен су ағып, терезесінен жел үрлеп тұратын білім ордалары көп болды. Қазір ол айтарлықтай азайды. 2017 жылы Қазақстанның біраз өңірін аралап шықтық. Балаларға арналаған жобаны іске асырысуға атсалысқан едім. Сонда қанша ауылға бардық, еліміздің солтүстігі, оңтүстік, шығыс пен орталықты араладық. Тек батысқа бармадым. Сонда барған ауылдарымыздың көпшілігінде жаңа мектептерді көрдім. Тіпті халқы аз ауылдарда да мектептер салыныпты. Ол қуантарлық деп ой түйдім. Әрине ондағы білім сапасы, интернет жылдамдығы мен оқулықтың жеткіліктілігі, ішінің техникалық жабдықталуына қатысты ой білдіре алмаймын. Өйткені оны нақты көруге мүмкіндік болмады. Дегенмен мектептің көп болғаны жақсы.

2007 жылы «100 мектеп, 100 арухана» атты бағдарлама қабылданған болатын. Бағдарлама нәтижесінде жаңа мектептер салынды. Олда жаңа мектептердің санының артуына өз септігін тигізді.

1991 жылдан бері елімізде біраз мектеп салыныпты. 2019 жылғы көрсеткішке сенсек олардың саны 1.5 мыңнан асады деседі. Бұл супер емес, бірақ жақсы көрсеткіш. Мыңдаған мектеп жөндеуден өткізілді, мыңдағаны салынды. Келер жылы тәуелсіздіктің 30 жылдығы, сол уақытта еліміздегі барлық мектептертер жоғары сапалы болса деген тілек бар. Мектепке көңіл бөлмеген елдің болашағы бұлыңғыр. Сіз тұратын өңірде мектеп ғимараты қандай сапада?

Асхат Қасенғалидің жазбасы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 628
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 377
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 369
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 374