Жұма, 3 Мамыр 2024
3277 2 пікір 30 Қазан, 2020 сағат 11:33

Францияда террорлық қауіптің қызыл деңгейі жарияланды

Францияда Ницца мен Авиньонда адамдарға пышақпен шабуыл жасалғаннан кейін, террорлық қауіптің қызыл деңгейі жарияланды. Бұл жөнінде ел премьер-министрі Жан Кастекс мәлімдеді.

Полиция мен армия қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жұмылдырылып жатыр. Жұма күні қорғаныс жөнінде кеңестің отырысы өтеді.

Кастекстің сөзінше, Франция "варварлар мен қорқақтардың" шабуылына тап болып, бүкіл елге қайғы әкеліп отыр. Осылай деп Le Figaro газеті хабарлайды.

Бейсенбі күні ер адам Ниццада Нотр-Дам шіркеуіне кіріп, екі адамға шабуыл жасаған.

Ницца мэрі Кристиан Эстрози шабуылдаған адам бірнеше рет "Аллаху Акбар" деп айғайлағанын айтты.

Франция президенті Эммануэль Макрон Ниццаға ұшып барды.

Ол елінің кезекті рет "исламшылардың шабуылына" тап болғанын мәлімдеді. "Бізге тағы шабуыл жасағаны, бұл біздің құндылығымыз үшін, сөз бостандығын құрметтейтініміз үшін және террорлық әрекетке берілмегеніміз үшін", – деді Франция президенті.

Сауд Арабияда Жиддадағы Франция консулдығының күзетшісіне шабуыл жасаған жергілікті тұрғын ұсталды. Күзетші жеңіл жарақат алған.

Франция президенті қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 7 мыңға жуық әскер жұмылдыратынын жеткізді.

Осы жексенбі, 1 қарашада католиктер марқұмдарды еске алатын қасиетті христиан мерекесін атап өтеді.

Мұсылмандар 29 қазанда Мұхаммед пайғамбардың туған күнін атап өткен.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 843
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 691
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 542
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 548