Жұма, 3 Мамыр 2024
1789 0 пікір 19 Қазан, 2020 сағат 11:03

Қырғызстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар екі есеге өсті

Қырғызстанның Коронавирусқа қарсы күрес бойынша республикалық штабтың 18 қазандағы мәліметіне қарағанда, Қырғызстанда бір тәулікте COVID-19 індетінен үш адам қаза болған. Ош, Нарын облыстарында бір-бір адам, тағы бірі Бішкекте.

Соңғы тәулікте тағы 554 адамнан коронавирус анықталған. Науқастардың 227-сі айығып шыққан.

Соңғы күндері елде коронавирус жұқтырғандар саны көбейіп кетті. Өткен дүйсенбіден бері тәулік ішінде COVID-19 жұқтырғандардың көрсеткіші екі есеге өскен – 12 қазанда вирус 298 адамнан анықталған.

Наурыздан бері жалпы індет жұқтырғандардың саны 52 044 адамға жеткен. Олардың 1111-і көз жұмып, 45 736-сы айығып шықты.

Статистика бойынша қазір вирусқа шалдыққан 2 489 науқас стационарда, 2 232 адам үйінде емделіп жатыр.

2019 жылдың желтоқсанында Қытайдың Ухань аймағынан тараған коронавирус 188 мемлекетке жайылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 971
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 833
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 636
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 702