Жұма, 3 Мамыр 2024
46 - сөз 3615 3 пікір 13 Қазан, 2020 сағат 14:16

Қазақ қоғамы қандай қорытынды жасайды?

Соңғы кездегі саяси оқиғалар жайлы көп толғанам. Сонау Беларустағы бір ай қарсылық. Анау Таулы Қарабақ үшін Әзірбайжан-армян соғысы. Мынау Қырғыздағы революциядан гөрі төңкеріс деп атауға көбірек келіңкірейтін қарадүрсін оқиға.

Шын мәнінде бажайлап қарасақ, бұл оқиғаның бәрі де қазақ мемлекеттігіне төнген қауіптің сигналдары деуге болады. Қазақ қоғамы бұдан өзіне қандай қорытынды жасай алар?!

Елдің жаппай саясилану үрдісі қоғамды демократияландыру үшін жақсы құбылыс. Әйтсе де, саяси көзқарас үшін аға ініні, бала әкені құрбанға шығарған күні кешегі тарихымызды қайталамауға естілердің ақылы жетер деймін. Люстрация, оның ар жағынан басы қылтиып тұрған экспропрация, оның ар жағынан басы қылтиып тұрған репрессия дегендер күні кеше бастан кешкен зобалаң. Тіпті ойлаудың өзі қорқынышты зат.

Әр адам қымбат бізде. Әр ақымақтың беліндегі ұрқы қымбат халдеміз, пайымдап қарасақ. Бес күн қарын тойғанға мәз болып, өткенді ұмытуға болмайды.

Әр елдің Таулы Қарабағы болуы мүмкін. Айналасындағы елдермен шекара мәселесін конфликтісіз реттегенімізбен, қауіп сейілді деуге әсте болмайды. Өзге ұлт өкілдері көп шоғырланған жерлердегі сепаратизм қаупін былтыр айқын сезінгенімізді ұмытпайық. Тығырықтан шығарар жол — ұлтаралық қатынастарды қайта қарау мен демографиялық өсім ғана.

Көрші Қырғыз елі Тәуелсіздік алған тұстарда, 90-жылдар басында Қазақстанмен салыстырғанда саяси жағынан әлдеқайда тұрақты деп есептелген еді. Алайда, арада өткен отыз жыл бұл ара қатынасты 180°-қа өзгертті. Біз қаласақ та, қаламасақ та, шындық — осы. Алайда, бұған қарап тоқмейілсуге мүлде болмайды. Артынан жарылатын бомба біздің мемлекетте де жетерлік. Осыған жол берсек, Қырғыз оқиғалары ойыншық болып қалуы мүмкін. Бұны әуелі билік ойланса керек-ті.

Ертеңіміз ойран болмасқа бүгін ойлан, қазақ!

Уайс Ерсайынұлының жазбасы

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 630
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 380
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 369
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 374