Сенбі, 27 Сәуір 2024
Абай мұрасы 2174 0 пікір 29 Қыркүйек, 2020 сағат 17:17

Абай тойы шетелде қалай дәріптеліп жатыр?

Биыл қазақтың бас ақыны, ағартушы, ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық етіп, мемлекеттік және хаықаралық деңгейде аталып өтілетін Абай тойының аясында ұзын-ырғасы 500-ге тарты іс-шара жоспарланғанын білесіздер.

Абай мұаларын зерттеу және насихаттауға бағытталған іс-шаралар тек Қазақстанда емсе, алыс-жақын шетелдерде де өткізіліп келеді. Қыркүйек айында ақарылған сол іс-шаралардың бірсыпырасын бүгін біз шолып шықтық.

Қытайда «Абай оқулары» өтті

15 қыркүйекте Қытай Халық Республикасындағы Қазақстан Елшілігінің ұйымдастыруымен кезекті рет «Абай оқулары» өтті. Аталған іс-шара Абайдың 175 жылдығына арналған. Биылғы жаһандық эпидемиологиялық ахуалдарға байланысты «Абай оқулары» онлайн форматта өткен.

Омбыда «Абай» үйі ашылды

22 қыркүйекте Ресейдің Омбы қаласында «Абай» мәдени-іскерлік үйі ашылды. «Абай» үйі Омбыдағы Ш.Уәлиханов көшесінде, қазақтан шыққан ағартушы Шоқан Уәлиханов оқыған Омбы кадет корпусының маңына орналасқан екен.

«Абай» үйінің ашылуына онлайн форматта ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі М.Әзілханов пен Омбы Үкіметінің Өңірлік саяст және коммуникациялар вице-министрі Ю.Назаренко, «Отандастар қорының» вице-президенті М.Сарбасов пен Қазақстанның Омбыдағы Бас консулы Е.Сүгірбеков қатысқан.

Жаңадан ашылған бұл іскерлік үй сол жақтағы қандастарға қолдау көрсетумен айналысатын болады дейді ұйымдастырушылар. Ал бұл іскелік үйдің ашылуына «Отандастар қоры» мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мұрындық болған. Ол алдағы уақта 4 нақты бағыт бойынша жұмыс жасйды. Олар: мәдени-гуматитарлық (және  қазақ тілін үйрету курстарын ұйымдастырады), «Атамекен» іскерлік бағыты (екі жақтағы қандастарға бизнестік қолдау көрсету), «Жас Қазақ» бағыты (шеттегі жас қандастарды елге тарту, бірлескен жобалар ұйымдастыру) және «Атажұрт» бағыты (шетелдерде қазақ тілді БАҚ кеңістігін құру).

Алдағы уақта мұндай орталықтар («Абай» мәдени-іскерлік үйлері) Ресейден бөлек, Өзбекстан, Түркия, Қырғызстан мен Германияда да ашылады деп жоспарланған.

Вильнюсте Абай атындағы оқу залы ашылды

24 қыркүйекте Литваның Вильнюс округіндегі  Адам Мицкевич атындағы Қоғамдық кітапханасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай» оқу залы ашылған. Атылған шараға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары мен ғалымдар, іскер топтардың жетекшілері келіп қатысқан. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Салтанатты шараның ашылуында сөз алған Қазақстанның Литвадағы елшісі Виктор Темірбаев «Абай» оқу залының дәл осы Адам Мицкевич кітапханасында ашылуының символикалық мәні бар екенін атап өтті. Өз сөзінде Елші Темірбеков Еуропаға аты мәшһүр Адам Мицкевичті өзінің ана тіліне аударған алғашқы шығыс ақыны – Абай болғандығын айтқан. Ол сондай-ақ, қазақтың рухани реформаторы болған Абай Құнанбайұлының ұлт тәрбиесіндегі негізгі бағыттарының бірі – халықты еуропалық мәдениетке баулу болғанын, осы мақсатпен де Шиллер, Пушкин, Байронның еңбектерін алғаш болып қазаққа таныстырғанын атап өткен.

«Абай» оқу залының ашылуына Литваның ең үздік опера әншісі Раймонда Янутенайте мен концертмейстер Нийоле Баранаускайте Абай шығармаларын, оның ішінде Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем, Қаламқас» секілді танымал әндерін орындаған.

Ал салтанатты шараға қатысушылар өз кезегінде Литвадағы бұл орталық жалғыз Литвада ғана емес, күллі Балтық елдеріндегі қазақ мәдениетінің орталығы болатынын айтқан.

Соныме қатар, «Абай» оқу залының ашылуына қарса, Вильнюс кітапханасы мен Қазақстандағы ең көне кітапхана саналатын Шығыс Қазақстандағы облыстық әмбебап кітапхана арасында екіжақты әрептестік келісім жасалған.

Алдағы уақта аталған орталықта Литвадағы Қазақстан елшілігінің ұйымдастыруымен Мұхтар Әуезовтің литва тіліне аударылған «Абай жолы» роман-эпопеясы мен Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романдарының тұсаукесерін өткізу жоспарланыпты.

24 қыркүйекте Біріккен Араб әмірліктерінің астанасында «Абай» орталығы ашылды.

24 қыркүйекте Түркияның Анталия қаласында «Абай» саябағы ашылды. Оған Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі мұрындық болған.

Саябақтың ресми ашылуында құттықтау сөз сөйлеген Мұрат паша ауданының мэрі Үміт Үйсал, саябаққа Абай есімінің берілуі өз кезегінде қазақ пен түрік халықтарын одан сайын жақындастыра түсетінін атап өткен.

25 қыркүйекте Пәкістанның Исламабад қаласында «Абай» орталығы ашылды. Аталмыш іс-шара Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын мерекелеу аясында жүзеге асырылған.

Ыстамбұлда енді Абай көшесі бар

28 қыркүйекте Түркияның Ыстамбұл қаласындағы даңғылға қазақың бас ақыны – Абай Құнанбайұлының есімі берілді.

Түркиядағы этникалық қазақтардың дені Ыстамбұлдың Зейтүнбұру аймағында тұрады екен. Осы аймақтағы қазақ диаспорасының кзекті кездесуінде 50-ші жылдары Түркияға барып қоныс тепкен қазақтың бүгінгі ұрпақтары бас қосқан. Аталған жиында Ыстамбұлдағы Қазақстанның Бас консулдығы ұйымдастырған. Міне, осы жиында Ыстамбұлдағы үлкен көшелердің біріне қазақтың ұлы ойшылы, ағартушы Абай Құнанбайұлының есімі берілгені белгілі болды.

«Мен өзім Ыстамбұлда туған қазақпын. Маған қазақ тілін үйрену маңызды. Біз осындай кездесуледі жиі өткізіп тұруға келістік. Осындай кездесулер арқылы біз ана тілімізді де тезірек үйренеміз, біргіліміз де нығая түседі», - депті Түркия қазағы Ғаппар Орхун Ақдақ.

Ыстамбұлдағы үлкен көшелердің біріне Абай есімін беру Анкарадағы Қазақстан елшілігі мен Ыстамбұлдағы Бас консулдықтың күш салуымен жүзеге асқан.

29 қыркүйекте Индонезияның Джакарта қаласында Абайдың «Қара сөздерінің» индонезия тіліндегі жинағының тұсаукесері өтті. Шараны Индонезиядағы Қазақстан елшілігі мен ҚР Ұлттық кітапханасы бірлесіп ұйымдастырған.

Abai.kz

0 пікір