Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Деп жатыр 3612 8 пікір 6 Қазан, 2020 сағат 14:59

Әзербайжан Елшісі: Қазақстаннан қолдау күтеміз!

Кеше астанада Әзербайжанның Қазақстандағы елшілігі баспасөз жиынын өткізіп, Қарбақтағы қақтығыстарға қатысты мәлімдеме жасаған еді.

Баспасөз юрифингі барысында Елші Рәшад Мәмәдов  ҰҚКҰ-ға (ОДКБ) мүше елдер ұйым шеңберінде Арменияға қолдау білдіре ме деп қауіптенетінін, Әзербайжан Халықаралық құқық талаптарына сай, Таулы Қарабақтағы қақтығысты шешуде Қазақстанның саяси һәм моралдық қолдауын күтетінін айтқан.

«Сөзсіз Таулы Қарабақтағы жанжал бейбіт жолмен, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің резолюциялары мен өзге де Халықаралық құжаттар шеңберінде шешілуі керек. Біз ешкімнің, ешқандай жағдайда Қазақстанның тыныштығын бұзғанын қаламаймыз. Біз: «Қазақстан біздің бауырлас ел. Мұндағы бейбітшілікті көздің қарашығындай қорғауымыз керек», дейміз», - депті Елші Рәшад Мәмәдов.

Өз сөзінде Елші Әзербайжан Қарабақтағы армян халқына сол елде бейбіт әрі тыныш өмір сүруі үшін барлық жағдайды жасауға Халықаралық деңгейде кепілдік беретінін айтқан.

«Біз армян халқына қарсы емеспіз. Біздің президентіміз 4 төрлі талап қойды. Ол – Әзербайжан жерлерін деокупациялау! Белгіленген уақыт пен кестегше сай барлық қарулы күштер құрылымдарын Әзербайжан территориясынан шығару! Әзербайжан мен Арменияның егемендігі мен территориялық тұтастығын мойындау. Оған қол сұқпау. Ол – Әзербайжан халқынан кешірім сұрау һәм Қарабақты Әзербайжан территориясы деп тану!», - деді Әзербайжанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі.

Әрі қарай, Елші Рәшад Мәмәдов Армения билігі Ұжымдық Қауіпсіздік Келісімі ұйымы шеңберінде одақтас елдерден көмек сұрауы мүмкін екені айтыпты. Ал ҰҚКҰ-ға (ОДКБ) Қазақстан мен Армениядан бөлек Ресей, Беларусь, Қырғызстан мен Тәжікстан мүше.

«Әскери қақтығыстар Әзербайжан территориясында, тіпті ішкі аймақтарында жүріп жатыр. Біз өз жерлерімізді азат етіп жатырмыз. Біз соғысты қаламадық. Мұна барлық Халықаралық мінберлерден айтып келеміз. Бірақ, қазір біздің армиямыз кері шегінбейді. Армения Қазақстан секілді ҰҚКҰ-на мүше мемлекет. Міне, сондықтан да біз Қазақстан билігінен Арменияның агрессиясын ЕАЭО пен ҰҚКҰ шеңберінде тоқтатуды сұрадық. Біз 130 ұлт тату-тәтті өмір сүріп жатқан Қазақстанның, біздің бауырлардың көмегіне мұқтажбыз», - дейді Елші.

Елші Рәшад Мәмәдов өз сөзінде Қазақстанда бейбітшілік пен келісімнің бұзылғанын Әзербайжанның қаламайтынын айтқан.

«Біз Қазақстандағы әзербайжан және армян өкілдерінің арасында қандай да бір кикілжіңнің болуына жол бермейміз. Мүддеміз бұл емес. Біз Елшіліктің тапсырмасына сәйкес, әзербайжан диаспорасын мұндай жағдайдың орын алмауына шақырдық», - деді Ол.

Рәшад Мәмәдов Қазақстан билігі Таулы Қарабақтың Әзербайжаннан бөлінуін ресми мойындамағанын және республиканың тұтастығын жақтайтынын атап өткен.

 

Айта кетейік, Қарабақтағы қақтығыстар 27 қыркүйекте басталған.  Әзербайжан мен Армения қарулы күштерінің арасындағы Таулы Қарабақтағы әскери шабуылдар әлі тоқтаған жоқ. Екі елде де әскери режим жарияланды. Армения билігі қақтығысты Әзербайжан бастады деп айыптап отыр. Ал Әзербайжан билігі мұны «контр шабуыл» деп мәлімдеген. Олардың өзінше, соғысты алдымен Армения бастаған.

Қазір Таулы Қарабақтағы қарулы қақтығысқа қатысты БҰҰ, ЕО, ЕЫҚҰ секілді Халықаралық ұйымдар мен шет елдік лидерлер өз позицияларын білдіріп Әзербайжан мен Арменияға арағайындық айтып жатыр. Соның ішінде Қазақстан да бар.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі 27 қыркүйек күні ресми мәлімдеме жасап, Таулы Қарабақтағы жағдайға қатысты алаңдаушылық білдірді. Тараптарды татуластыру үшін алаң ұсынды.

Ал Қазақстан төрағалық ететін Түркі кеңесі ресми мәлімдеме жасап, Таулы Қарабақты «Әзербайжанның оккупацияланған территориясы», деп мәлімдеген.

ТАҚЫРЫПҚА ТҰЗДЫҚ:

Қарабақтағы қақтығыс. Қазақстанның позициясы қандай?

Таулы Қарабақтағы қақтығысқа байланысты ҚР СІМ мәлімдеме жасады

Түркі кеңесі Әзербайжанның территориялық тұтастығын қолдайды!

Қарабақ дауы. «Кеңестегілер» не дейді?

Қарабақтағы соғыс. Әлиев пен Пашинян келісімге келе ме?

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар