Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3481 0 пікір 30 Желтоқсан, 2011 сағат 06:30

Бізге қандай Қазақстан керек?

Бүгінгі күні қазақ тілінің болашағы жайлы көптеген пікірталастар өрбуде. Өз ойымызды ортаға салмастан бұрын төмендегі мәліметтерге көз салуды ұсынып отырмыз. Қазақстанның демографиялық ахуалына мән берейік.

1000 адамға шаққанда қазақ, орыс, украин халықтарының табиғи өсімін көрейік.

2009ж                  2010ж

Қазақтар                                20 адам               20 адам

Орыстар                                -1 адам                -2 адам

Украиндықтар                       -15 адам              -16 адам

Бұдан Қазақстанда еуропалық нәсілдердің табиғи өсімінің төмендеуін көреміз.

Ал енді 1000 адамға шаққанда қазақ тілді облыстарда табиғи өсімнің көрсеткішін қарастырайық:

 

2009ж                                 2010ж

Қызылорда                                          20 адам                                          20 адам

Жамбыл                                      18 адам                           18 адам

Оңтүстік Қазақстан                  23 адам                              23 адам

Маңғыстау                                 26 адам                           23 адам

Атырау                                         20 адам                           20 адам

Орташа көрсеткіш:                    21  адам                          20 адам

Бүгінгі күні қазақ тілінің болашағы жайлы көптеген пікірталастар өрбуде. Өз ойымызды ортаға салмастан бұрын төмендегі мәліметтерге көз салуды ұсынып отырмыз. Қазақстанның демографиялық ахуалына мән берейік.

1000 адамға шаққанда қазақ, орыс, украин халықтарының табиғи өсімін көрейік.

2009ж                  2010ж

Қазақтар                                20 адам               20 адам

Орыстар                                -1 адам                -2 адам

Украиндықтар                       -15 адам              -16 адам

Бұдан Қазақстанда еуропалық нәсілдердің табиғи өсімінің төмендеуін көреміз.

Ал енді 1000 адамға шаққанда қазақ тілді облыстарда табиғи өсімнің көрсеткішін қарастырайық:

 

2009ж                                 2010ж

Қызылорда                                          20 адам                                          20 адам

Жамбыл                                      18 адам                           18 адам

Оңтүстік Қазақстан                  23 адам                              23 адам

Маңғыстау                                 26 адам                           23 адам

Атырау                                         20 адам                           20 адам

Орташа көрсеткіш:                    21  адам                          20 адам

 

Осы көрсеткіштерді 1000 адамға шаққанда  орыс тілді облыстардың табиғи өсімімен салыстырайық:

2009ж                             2010ж

Қостанай                                    2 адам                             2 адам

Шығыс Қазақстан                    5 адам                                5 адам

Павлодар                                     6 адам                             6 адам

Солтүстік Қазақстан                 1 адам                              1 адам

Қарағанды                                  6 адам                             6 адам

Орташа көрсеткіш:                  4 адам                               4 адам

 

Сондай-ақ қазақ тілді облыстарда табиғи өсімнің абсолютті көрсеткіштерін де көрейік:

2009ж                                     2010ж

Қызылорда                                          14000 адам                                   15000 адам

Жамбыл                                      19000 адам                                 19000 адам

Оңтүстік Қазақстан                  57000 адам                                   61000 адам

Маңғыстау                                 11000 адам                                 12000 адам

Атырау                                         10000 адам                                 11000 адам

Орташа көрсеткіш:                    102000 адам                   118000 адам

 

Енді осы көрсеткіштерді орыс тілді облыстардың табиғи өсімінің абсолютті көрсеткіштерімен салыстырайық:

2009ж                             2010ж

Қостанай                                    2000 адам                                   2000 адам

Шығыс Қазақстан                    7000 адам                          6000 адам

Павлодар                                     5000 адам                                  4000 адам

Солтүстік Қазақстан                 800 адам                          400 адам

Қарағанды                                  8000 адам                                   7600 адам

Орташа көрсеткіш:                  23000 адам                       20000 адам

 

Бұл бізде қазақ тілді облыстардың туу және табиғи өсу көрсеткіші орыс тілді облыстарға қарағанда 7 есе, ал 1000 адамға шаққандағы көрсеткіштерде  5 есе жоғары екенін көрсетті. Мәліметтерге сүйенсек, қазақ халқының туу және табиғи өсу көрсеткіші еуропалық халықпен салыстырғанда жоғары екенін де айта аламыз.

Қала халқының өсуі қашанда ауыл тұрғындарының санатына тәуелді. Егер ауыл халқының үлес салмағы күрт кемісе ұлт қартаюы орын алмақ. Себеп, ауылдағы туу көрсеткшінің қаладағыға қарағанда жоғары болуында. Мұндағы қала халқының туу көрсеткіші ұзақ мерзімді кезеңде қала халқының қарапайым санын шығаруға қауқарсыз. Демек, «сырттан құйылу болмаса іште сұйылу болары» сөзсіз.

Ауыл халқының көп бөлігін қазақ халқы құрап отыр. Ауылдық жердегі басым бағыттағы тіл - қазақ тілі.

Жоғарыдай айтылғандай, ауыл халқының қалаға келуіне байланысты, ертелі-кеш Қазақстандағы қала халқының басым бөлігі қазақы және қазақ тілді болмақ. Қазақ тілі - Қазақстан территориясында негізгі қарым-қатынас тіліне айналады. Біздің бағамдауымызша, бұл келесі он-он бес жылдың ішінде орын алары хақ. Осылайша Қазақстандағы қарым-қатынастың негізі саналуға тиіс  қазақ тілінің мәселесі айқын табиғи заңдылық күшінде шешілетін болады.

Біздің қоғамның кейбір өкілдері әлі күнге дейін қазақ тілін сақтап қалып, қолданыс аясын кеңейту жайлы сөз қозғауда. Алайда бұл мәселе объективті табиғи заңдылық  демографиямен шешімін тауып отыр.

Біршама жылдан кейін бұл баршаға айқын болмақ..

Бізді толғандыратын және ұлт алдында тұрған нақты сұрақ келесі: Біз тек қазақ тілінде сөйлейтін Қазақстанды иеленеміз бе, әлде қазақ тілінде сөйлеп, қазақ тілінде қажетті білім алатын Қазақстанда ма?

Егер біз Қазақстанды тек қазақ тілімен иеленіп, ана тілімізде қажетті білімдер ала алмасақ,  біз ұлт ретінде ұтыламыз. Біз тәуелсіз ел ретінде өмір сүруді тоқтатамыз. Мұндай жайлар тарихымыздан белгілі. Кезінде елде барлығы қазақ тілінде сөйлеп, ұлттық дәстүрлерді ұстанған еді. Бұл бірақ көмектеспеді, қайта езгінің астына салды. Ұлтымыздың сондай жағдайға душар болу себебі патшаның саясатынан емес, біздің әлсіздігімізден болатын. Әлсіздерді қашанда ұрған, ұрып жатырда, ұрады да. Бұдан шығатын қорынытынды: белді бекем буып, кінәліні іздеп арыздануды тоқтатып, ұлт ретінде күшею керек.

Егер біз Қазақстанды қазақ тілі үстемдік еткен және ана тілімізде қажетті білім ала алсақ,  біз ұлт ретінде ұтамыз. Халықтың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ететін өзіміздің өндіріс кешендерімізді салып ұлттық инженерлік-техникалық мектептерімізді қалыптастырамыз.

 

Қазақ тілінде қажетті білім нәрін бойымызға дарыту үшін бізге ең бастысы барлық маңызды деген экономика, саясат, философия, география, биология, медицина, физика, химия және т.б. салалардағы қазақ тілінің сапалы аудармаларын жасауымыз керек. Бүгінгі таңда тек қазақ тілін білетін адам инженерия, механика және аэродинамика саласында білім деңгейі бойынша неміс, американдық және француздық азаматпен тең келмейді. Себебі, ол осы салаларда қазақ тілінде қажет білім таба алмайды. Сондықтан тек қазақ тілін білетін қазаққа қажетті білім алу үшін басқа тілді меңгеруге мәжбүр. Сол адам ана тілінде сапалы білім алу үшін біздер жоғарыда аталған еңбектердің қазақ тілінде сапалы аудармасын жасауымыз керек. Айтылған барлық еңбек саласындағы аудармалар сол саланың білікті мамандары арқылы жүзеге асырылуы қажет. Механикалық аударма мәселені шешпейді, тек жұмыс барысын қалыптастырады.

Біз ұлттарды тілдік деңгейде біріктіруіміз керек. Бүгінгі таңда ұлттар тек әкімшілік шара есебінен ғана ұсталып тұр. Бүгінгі күні ұлтымыздың тілдік деңгейде не қазақ тілі, не орыс тілі біріктіре алады. Бұл не қазақ тілі, не орыс тілі барлық этникалық топтар үшін біріктіруші тіл болмақ.

Енді Қазақстанда қандай жағдай қалыптасып жатқанына назар аударып, нәтижесі қайда әкелетініне мән берейік. Бүгінде Батыс және Оңтүстік Қазақстандағы қазақтар орыс тілінде сөйлеспейді. Өз кезегінде орыстар да жаппай қазақ тілінде сөйлемеуде. Дегенмен, жоғарыда айтылған демографиялық жағдай мен қазақ халқының табиғи өсімі ерте ме, кеш пе орыс тілін Қазақстанда  қолданыстан шығарады.  Сәйкесінше біздер аталған салалар бойынша қазақ тілінде қажетті білімді қалыптастырмасақ, халық лезде деградацияға ұшырайтыны сөзсіз. Себебі халықтың көп бөлігі қазақ тілінде сөйлегенмен, қазақ тідінде инженерия, механика, аэродинамика және медицина салалары бойынша қажетті білімді ала ала алмайды. Бұл Қазақстанды Нигерияға, одан кейін Ауғаныстанға айналдырады. Бұл жағдайдың алдын алу үшін қазақ тілінде алуға болатын қажетті білім санын және ондағы қазақ тіліндегі қолданыс аясын арттыру керек. Өйтпеген жағдайда біздің ұрпақтарымызға дұрыс медициналық қызметті алуы үшін  Еуропаға баруына тура келеді. Немесе мұндай сапарға ақша болмай медицинадан бейхабар дәрігердің қолына өзіңді тапсыруға тәуекел етесің.

«Дана Жол» қолданбалы экономика орталығы

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 653
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 424
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 389
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 390