Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 11153 0 пікір 28 Желтоқсан, 2011 сағат 06:32

Бекқожа Жылқыбекұлы. Қанатты сөздер

Мағынасы терең сөзден безген кісі өзінің таяздығын сезген кісі.

Терек балтаға, байқұс қалтаға қарайды.

Марапат пен мақтан тілеп тұрған ділден сақтан!

Қытымыр болса бастығың, жайсыз болар жастығың.

Ырғалмайтын терек жоқ, желбіремес желек жоқ.

Өзімшілдік өзгені құл санаудан басталады.

Уақыт ұлы адамға уайым, жарлыға қайғы сыйлайды.

Ақша көрсе, апасын, арақ көрсе, атасын сататын ұлдан без.

Кеміре берсең, темір де кетіледі.

Арсыздықпен мал тапқанша, ақыреттен жол тап.

Екі жүзділік жігітті арсыз қыз қылып жібереді.

Ары ақтың көңіл аспанынан жауатын қары да ақ.

Есек етекте, ит жетекте жүреді.

Ұлтын сатып жүрген мәңгүрттің ойлайтыны құлқын.

Еріннің жаманы жалақ болады, қыздың жаманы салақ болады.

Өзін өзі білген аулақ жүреді сезім гүлден.

Қисын қиысқан жерде болады, береке сыйысқан жерде болады.

Көршіңе сенбе, өр ісіңе сен.

Арсыз әйелден, жарсыз ерден, әрсіз жерден без.

Жайдақ жер малға суат болады, жайлы ер елге қуат болады.

Ақылды денсаулығын баптап-күтеді, ақымақ өз жүйкесін жүн қып түтеді.

Есірік беттен алады, бетке шапшыған кісі шетте қалады.

Науқасы қозғаннан қорықпа, жүйкесі тозғаннан қорық.

Артына үңіліп қарамаған адам - сабырсыз, сараң адам.

Домбыраның ішегі шерте білсең күй сазына түседі.

Қаңқылдаған қос қарға ой салады достарға.

Еңбектенген есті болады, көп ойланған десті болады.

Есірікке ерме, байқамасаң, қаратады ол жерге.

Қазақта той көп, отырған қызда ой көп.

Шешенмен дос болсаң, жағың ашылады, тектімен құда болсаң, бағың ашылады.

Қайғысыз қатын кергілей береді шашын.

Тамақтың дәмін тұз келтіреді, жігіттің сәнін қыз келтіреді.

Жыртыңдасаң, жынға ересің, күйбеңдесең, күн көресің.

Меккеге барсаң, қажы боласың, ақ сөйлесең, қазы боласың.

Ауызға май керек, байталға бай керек.

Танымы мен көзқарасы тардың алды жар, арты қасат қар.

Қиялды елеске, елесті белеске айналдырғанның айы оңынан туады.

Сапар сәттілігімен, махаббат тәттілігімен қымбат.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 653
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 426
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 390
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 390