Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3749 0 пікір 27 Желтоқсан, 2011 сағат 05:10

Құлыбаев құлағын ұстаған қазынаға Шөкеев шөкті

Кеше Ақордада ұзаққа созылған бір жиын өтті. Жабық есік жағдайында дерліктей жиын барысында журналистерге жеткен алғашқы ақпар Құлыбаевтың өз еркімен қызметінен босағаны туралы болды.  Бұрын «Қазмұнайгаз», «КЕГОК» сияқты ұлттық компанияларды басқарып, өткен көкек айынан бері «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының төріне барып қонжиған екінші күйеу  -Тимур Құлыбаев «Өзенмұнайгаз» жұмысшыларының әлеуметтік  талабын кешегі күнге дейін елеусіз қалдырып келген еді. Компания басшылығынан теңдік сұрап телімі шыққан мұнайшылардың тілегін ескеру былай тұрыпты, «осының бәрін ұйымдастырып жүрген оралмандар», «бүлік басы оралмандар» деп аз қазақтың арасына алақолды пікір салған-ды.  Ақыры «Өзенмұнайгаздағы» ереуіл Жаңаөзендегі қақтығысқа ұласып тынды.

Алдымен Ресейге аттанып, терістіктегі көршіміздің басшысымен кеңес құрып оралған Назарбаев Маңғыстау облысына жетісімен істі облыс басшысын ауыстырумен бастады. Сөйтіп Маңғыстау облысына 7 жылға жуық жетекшілік еткен Қырымбек Елеуұлы қызметінен босап оның орынтағына Бауыржан Мұхамеджанов жайғасты. Елбасымыз әлгі сапарында «Қазмұнайгаздың» басшылығына қатысты да ауыс-түйіс жасады. Президенттің пәрменіне жергілікті актив ақсақалдар әдеттегідей аса тәнтті болды. Актив ақсақалдардың бірі Өмірзақ Озғанбаев былай дейді. Қараңыздар:

ӨМІРЗАҚ ОЗҒАНБАЕВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
- Нұрсұлтан Әбішұлы Маңғыстауға келеді деген сенімде болдым. Осында келген кезде елінің ортасынан табылып, елге басу әңгіме айтып, ретті шешім қабылдайды деп сендім. Бүгінгі бас қосудың орны бөлек, ерекше. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, бүгінгі қабылдаған шешімдеріңізге дән риза болып отырмын. Ақтаудан Жаңаөзенге аттанған Президент қаладағы жағдайды көзімен көріп, тұрғындармен кездесті. Ел қазынасынан бөлінген 3 миллиард теңге зардап шеккен нысандарды толық қалпына келтіруге жұмсалатынын атап өтті (дерек көзі: http://www.31.kz/kz/video/document23304.phtml ).

Сол сапарында Нұрсұлтан Әбішұлы Тимур Құлыбаевтың  да әл-ауқат қорынан кететіндігін айтып қалған-ды. Дегендей-ақ, кешегі президент әкімшілігі  мен «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесі және үкімет мүшелерінің отырысында Құлыбаев қызметінен ерікті түрде бас тартты. Құлыбаев құлағын ұстаған «Самұрық-Қазынаға» вице-пермьер Өмірзақ Шөкеев шөкті.  Шөкеев кезінде  ұлттық компанияларымыздың бірі КЕГОК-ты басқарған болатын. Қостанай обылысы мен Оңтүстік Қазақстан облысында әкім болып та тастады. Сөйтіп, Мәсімовтың орынбасарлығына тағайындалған. Сарапшылар ендігі премьер Шөкеев дегенді айтып жүр еді. Міне, көріп отырмыз  болжам қатеге шықты.  Ендігі әңгіме Шөкеев әл-ауқат қорына не жаңалық енгізе алады? Еліміздің бас қазынасын халық игілігіне жарата алады ма? Қордың ішіндегі кадр саясатын қандай ретке келтіреді? Дегенге саяды.  Бұл сауалдарға алдағы күндерден қайткенде бір жауап табарымыз анық. Бүгінгі ең шетін сауал: Құлыбаев «Өзенмұнайгаздағы» ахуалды осы уақытқа дейін не себепті жария етпей жасырын ұстауға тырысты? Жұмысшылар ереуілін  ескермеген сайын мәселенің ушыға түскенін ол қалайша байқамады? Астананы жалған ақпармен жарылқап, жұмысшыларға жұдырық білеп қана отырғаннан не табамын деді екен? Сөз жоқ, бұл сауалдарға да жақын күндердің бірінде жауап табылатыны сөзсіз.

«Абай-ақпарат» 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 598
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 335
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 344
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 350