Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
2319 1 пікір 15 Қыркүйек, 2020 сағат 14:47

Қытайда жасалған вакцинаның бағасы қанша?

China National Biotec Group (CNBG) фармацевтикалық компаниясы коронавирусқа қарсы екі вакцинаның бағасын айтты.

Компания өкілінің айтуынша, China National Biotec Group әзірлеген екі вакцина осы жылдың желтоқсанында нарыққа шығады деп жоспарланып отыр. Екі вакцинаның бағасы 1000 юаньнан төмен болады (шамамен 146 доллар).

Бүгінде вакциналар Сауд Арабиясы, БАӘ, Бахрейн, Перу, Маракко, Аргентина, Иордания қатарлы он неше елде қауіпсіздік пен тиімділік сынағының үшінші кезеңінен өтіп жатыр.

China National Biotec Group компаниясы жылына коронавирусқа қарсы вакцинаның 300 миллион дозасын шығаруға қауқарлы. 3-6 айдан кейін вакцинаның көлемін арттыру жоспарланып отыр. Бұл вакцина өндірісін 1,3 миллиард дозаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Abai.kz

1 пікір