Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
2568 5 пікір 1 Қыркүйек, 2020 сағат 11:04

Беларусь: наразылық акциясы кезінде 130 милиция қызметкері зардап шекті

Беларусь ішкі істер министрі Юрий Караев ресейлік RT каналына берген сұқбатында қарсылық акциялары кезінде 130 милиция қызметкері зардап шекті деп мәлімдеді.

"Қазіргі кезде 131 адам зардап шекті, олардың 28-і ауруханада жатыр", - деді ол.

Беларусь астанасы Минск пен өзге қалаларда алтыншы рет жеңіске жеткен қазіргі президент Александр Лукашенкоға қарсы наразылық акциялары жалғасып жатыр. Наразылықтың алғашқы күндері демонстранттарға аяусыз күш көрсетіп, резіңке оқ пен көзден жас ағызатын газ қолданған.

6 мыңнан астам адам ұсталған. Оларды біртіндеп босатқан кезде, тергеу абақтысында жаппай азапталғаны белгілі болды. Құқық қорғаушылар 500 адамның денесі көгеріп, қанталап кеткенін мәлімдеді. Түрмеден шыққан адамдар аяусыз соққыға жығылғанын баяндады.

Президент көмекшісі Николай Латышонок "азаматтардың азапталуына байланысты милиция қызметкерлеріне қарсы неге қылмыстық іс қозғалмады" деген сұраққа "халықтың істеп жатқанының бәрі революциялық процесс, ал революциялық процестің бәрі жазаланады" деп жауап берген.

Белгілі болғандай, Минск мемлекеттік Белтелерадиокомпанияға Ресейден журналистер шақырылған. Олар наразылық білдірген беларусь журналистері мен техникалық қызметкерлердің орнын басқан. Мұны Лукашенконың өзі растады. Дереккөз мәліметінше, Минскіге RT (бұрынғы Russia Today) журналистері мен фрилансерлер барған. Бірақ RT бас редакторы Маргарита Симоньян Минскіде телеканал журналистері жоқ деп мәлімдеді.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1670
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1615
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1349
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1285