Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2729 0 пікір 5 Желтоқсан, 2011 сағат 15:55

Семейдің мұражай қызметкерлері қазақстандық суретшілердің ғылыми ерекше каталогын басып шығарды

Семей. 5 желтоқсан. ҚазТАГ - Шығыс Қазақстан облыстық Невзоровтар отбасы атындағы мұражай қызметкерлері қазақстандық суретшілер туралы ақпараттар жүйеге келтірілген ерекше ғылыми каталог басып шығарды, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.

«Тиражы 500 дана болатын каталогты дайындау үшін мамандар 20 жыл жұмыс істеді. Біздің қызметкерлер осы уақытта мұражай коллекциясына енген қазақстандық авторлар туралы толық ақпаратты жинауға тырысты. Каталогқа 226 есім енгізілді. Олар әр бағыттың - бейнелеу өнері, мүсіншілік, қолданбалы-сәндік өнер шеберлері», - деп дүйсенбі күні мұражайдың ғылыми-зерттеулер бөлімінің бастығы Светлана Киляогловамәлім етті.

Каталогта әр авторға бөлім арналып, онда биографиялық мәліметтерден басқа, оның сіңірген еңбегі, сондай-ақ жұмыстарының көрмелері туралы суреттерімен айтылады.

«Біздің басылымның ерекшелігі - кітапқа суретшілердің эталондық қолдары қойылған банк енгізілді. Ол келешекте олардың суреттерін қолдан жасау оқиғаларын тексергенде оның түпнұсқалық автордың өзі салғанын анықтауға мүмкіндік береді. Суретшілердің қолдарының эталондық нұсқалары Эрмитажда, Третьков галлереясында әлемнің  т.б. ірі мұражайларында сақтаулы. Енді ондай нәрсе бізде де бар», - деп түсіндірді С.Киляоглова.

Семейдегі Невзоровтар атындағы мұражай 25 жылдан бері жұмыс істеуде. Оның коллекциясы Қазақстандағы ең жақсыларының бірі болып табылады және мұнда шамамен 4,5 мың дана коллекция бар. Мұражайдың ерекші мақтанышы - XVII-XXғасыр сурет және графика жиынтығы. Оған Васнецов, Шишкин, Венецианов,Брюллов, Серов, Тропинин сынды атақты суретшілердің картиналары енген.

Мұражайда сондай-ақ қазақстандық авторлардың ең бай коллекциясы орналасқан.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 761
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 579
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 474
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 483