Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
2760 1 пікір 27 Шілде, 2020 сағат 15:03

Медициналық сақтандыру қорында қанша ақша бар?

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов қор активтері 2020 жылдың 1 қаңтарына 251 млрд. теңгені құрағанын айттты. 

«Қордың активтері 2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 251 млрд.теңгені құрады. Бірінші жартыжылдықтағы кіріс 260 млрд.теңге, оның ішінде мемлекет салымы - 147 млрд.тг»,- деді Төкежанов.

МӘМС басшысы 76 миллиард теңге жұмыс берушілерден, 37 миллиард теңге өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардан түскенін де айтты.

Төкежановтың сөзінше, Медициналық сақтандыру қоры активтерінің балансы 2020 жылдың 1 шілдесінде 361 миллиард теңгеден асады.

Бұған дейін аталған қор коронавирустың ауыр түріне шалдыққан науқасқа 1,5 миллион теңге бөлінетінін хабарланған. Ал, өте ауыр дәрежелі сырқаттың емделуі үшін 1,7 миллион теңге төлейді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2018
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2436
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2019
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1586