Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2908 0 пікір 24 Қараша, 2011 сағат 06:39

Қазтай Кемебек. «Ақбұлақ» қайда «құясың»?

Елімізде жиырма жыл бойы шешімін таппаған мәселелердің бірі халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету жағдайы. О, біздің мемлекет осы бір түйткілді түйіншекті шешу үшін не істемеді дейсіз? Қаншама жоспар-жоба, мемлекеттік, өңірлік, аудандық, ауылдық бағдарламалар қабылданды. Ұшығына жеткен бірі жоқ. Құмға ауыз су сіңсе бір жөн, халықтың, мемлекеттің ақшасы құрдымға кетіп жатқанына налисың. Шалғайдағы ауылдың біріне ауыз су барса, күллі баспасөз бен ақпарат құралдары: «Міне, мемлекеттің, Елбасының сарабдал саясатының арқасында пәленше облыстың түгенше ауылы ауыз сумен қамтамасыз етілді...» деп жар салады. Ешкісі егіз туса да Елбасына рахмет айтатын баяғы ғадет қой.

Әйтпесе, ауылдың сумен қамтамасыз етілуі (ХХІ ғасырда) қаншалықты үлкен жаңалық дейсің. Соның көбісі жалған ақпарат, көзбояушылық екенін кейіндеп біліп жатамыз.

Сондай бағдарламаның бірі 2011-2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасы еді. Алғаш естігенде «ә» дескенбіз. Бұдан бұрын «Ауыз су» бағдарламасын тақырға отырғызғандардың кезекті жобасы екенін ішіміз сезсе де, үмітпен қарағанбыз. Мемлекет қоржынынан 1,2 триллион теңге бөлінеді деп кесілген бағдарламаның іске асу тетігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттік төрағасы Серік Нөкиннің қолында екені белгілі. 2020 жылға қарай ауылды елді-мекендердің 80 пайызын, қалалық жерлердің 100 пайызын таза сумен қамтамасыз етуге тиіс бұл жобаның да «қайырмасы» бұрынғы қойыртпақтың соны соқпағына түсетін секілді.

Жақында қолымызға «бейресми» ақпарат түсті. Үстіміздегі жылдың 14-16 қарашасында Астанада агенттік басшыларының ұйымдастыруымен «құпия» жиналыс өткен. Қалаларды ауыз сумен қамтамасыз ету ісін жетілдіру және қайта құру үшін арнайы жұмыс тобын құру екен жиналыстың басты мақсаты. Әр облыс пен ірі қалалардан ауыз судың басы-қасында жүргендерден құралған «жұмысшы» топ күн тәртібінде бір-ақ нәрсені - еліміздегі бүкіл қалалардың ауыз суын жеке-меншікке беру мәселесін талқыға салған! Осыны пысықтау үшін екі күн бойы Арқа төсінде жиналыс өткізген. Құрамында бірде-бір ғалым, осы саланың иін қандырған маман жоқ (қай облыстан кімдердің қатысқаны бізде сақтаулы ). Облыстардан келгендердің біразы бұл ұсынысты қолдаса, енді бір тобы қалыс қалған көрінеді. Тек Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы қаласының әкімдігі бұл бастаманың ақылға сыйымсыз екендігін аңғартқан-мыс. Алматы демекші, осыдан біраз жыл бұрын Храпуновтың кезінде француздарға сатылып кеткен қалалық суды талай жыл бойы соттасып әзер мемлекеттік меншікке қайтарып, қыруар қарызын төлеп отырған әкімшілік, басқа-басқа, ауыз суды жекеменшікке беруге болмайтынын жақсы білсе керек.

Арыға бармай-ақ қоялық, қазір әлемде таза су мәселесі ең өткір проблемалардың бірі. Тіпті, осы ғасырдың ортасына қарай ішуге жарамды судың бағасы мұнаймен теңеседі деген болжам да бар. Бұдан кейінгі әлемдік саясаттың негізгі өзегі тұщы су маңында өрбитінін айтушылар да жетерлік. Егер алда-жалда қалалық жерлердегі ауыз су жекеменшіктің қолына өтіп кетер болса, бүгінгі инфляция кеміріп жатқан кезеңдегі қымбатшылық құйыны бұдан әлдеқайда жоғары болмаса, арғы қолыңызды бері әкеліңіз. Сондай-ақ, сырт күштерде бұл салаға инвестор боламыз деп, иек артуы да бек мүмкін.

Айтпақшы, басқосу кезінде Алматының ауыз суын біраз жыл басқарып, қыруар қарызға батырып, бүгінде «Қазақ-Суарнажоба» акционерлік қоғамының президенті орынтағынан бірақ шыққан Владислав Галиев: «Сіздер қаласаңыздар да, қаламасаңыздар да, түбінде барлық су жекеменшікке өтетін болады» деп астарлы жымиған көрінеді. Мамандар болса, мұндай бастаманың орынсыз екендігін айтады. Себебі, ірі қалардың су көздерін жекенің қолына өткізу бір күнде жиналып, кесім шығаратын үркердей топтың қолындағы іс емес, кешенді талқылауды, халықтың, жұртшылықтың, ғалымдардың пікірін білу арқылы  шешетін іс. Бұл үшін тәжірибе керек. Егер жекеменшіксіз бұл саланы дамыту мүмкін емес деп ойласа, онда белгілі бір ауылды жерлерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету ісін осы саланы игергісі келетіндерге беріп көру керек. Солардан қорытынды шығару қажет дейді олар. «Өйтеміз, бүйтеміз, отқа басын үйітеміз» деп жүріп, «Ақбұлақты» да құрдымға құйған «Ауыз судың» кебін құштырып жүрмесек игі.

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 838
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 684
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 531
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 541