Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2793 0 пікір 24 Қараша, 2011 сағат 05:50

Аймақтар ТКШ жаңғыртуға бөлінген қаржыны уақытында игеріп жатыр, деп есептейді салалық агенттіктегілер

Астана. 24 қараша. ҚазТАГ - Анастасия Прилепская. Мемлекеттік тұрғын үй -коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы бойынша бөлінген қаржы аймақтарда жоспардың 100%-ына игеріліп жатыр, деп хабарлады ҚР құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігінің жауапты хатшысы Салауат Дембай.

«1 қазандағы жағдай бойынша, облыстардың, Астана мен Алматы қалалары әкімдіктерінің мәліметтеріне сәйкес, (ТКШ-ны жаңғыртуға бөлінген қаржыны - ҚазТАГ) игеру 57 млрд теңгені немесе қаржыландыру жоспарының 100%-ын құрайды», - деді С. Дембайбейсенбі күні агенттіктің алқа отырысында.

Оның айтуынша, сумен қамту, су шығару, жылумен қамту, электр қуатымен қамту және абаттандыру жүйелерін жөндеу және жаңғырту шараларын қаржыландырудың жалпы көлемі Т65 млрд құрайды.

Мұның алдында хабарланғандай, сенатор Қайсар Омаров «ТКШ-Экспо 2011» халықаралық форумында мемлекеттік тұрғын үй -коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы бойынша 2011 жылы тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге бөлінген қаржының көп бөлігі игерілмей қалатынын айтқан.

«Астана, Алматы және Ақтөбе облысы ғана қаржыны игеру мен жұмыстарға тиісті түрде қараған, кестеге сәйкес, оларда қаржы толық көлемде игеріледі деп сенуге негіз бар. Қалған аймақтарда осы жылдың соңында қаржы игерілмейді деп нақты айта аламын», - деген болатын сенатор.

Қ. Омаров бұл (ТКШ-ны - ҚазТАГ) жаңғырту бағдарламасының идеясын құртуы мүмкін деген алаңдаушылық білдірген болатын.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 773
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 584
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 480
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 493