Жұма, 3 Мамыр 2024
3108 3 пікір 26 Маусым, 2020 сағат 18:00

Алматыда 27-28 маусымда карантиндік демалыс жарияланды

Алматыда 27-28 маусымда карантиндік демалыс жарияланады. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді. 

COVID-19 таралауын болдырмау мақсатында Алматыда 27-28 маусым күндері қосымша шектеу шаралары енгізіледі

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі Комиссия қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шараларды қабылдады.

Алматы қаласында қосымша карантиндік шектеу шаралары 27 маусым сағат 00.00-ден бастап, 29 маусым cағат 00.00-ге дейін күшіне енеді.

Қабылданған шешімге сәйкес көрсетілген кезеңде коронавирустық инфекцияның таралу қаупі жоғары жабық объектілердің қызметі тоқтатылады:

- ірі сауда желілері (азық түлік, азық түлік емес), үйдегі дүкендер түріндегі филиалдарын қоспағанда жабық базарлар (азық-түліктік, азық-түліктік емес, әмбебап), сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда үйлері;

- қоғамдық тамақтану нысандары, көшедегі форматтағы ашық ауадағы нысандарды қоспағанда, әлеуметтік қашықтықты және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып;

- фитнес-орталықтар.

Базарлар өз қызметін 2020 жылдың 29 маусымы (дүйсенбі күні) қайта жалғастыра алады.

Ашық даладағы көше форматында әлеуметтік қашықтықты және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтаған жағдайды қоғамдық тамақтану орындарының қызметіне рұқсат етілген.

Қоғамдық көліктер де осы демалыста өз қызметін тоқтатады.

Атап өтетін жайт, жоғарыда аталған нысандарда санитарлық-профилактикалық және санитарлық-эпидемиологиялық шаралар жүргізіледі.
Қосымша шектеу шараларына байланысты азаматтарға қала бойынша қозғалысты шектеу ұсынылатынын еске саламыз. Тәуекел тобына кіретін адамдарға, әсіресе егде адамдарға үйде қалу ұсынылады.

Эпидемияға қарсы шараларды бұзғаны үшін жеке жауапкершілікке тарту қарастырылған. Полиция қызметкерлері тарапынан адамдар көп жиналатын орындарда енгізілген шектеулерді сақтау бойынша патрульдеу күшейтіледі.

Сұрақтар туындаған жағдайда, тұрғындар 1308 нөмірі бойынша Open Almaty қоғамдық қабылдауына жүгіне алады.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 631
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 393
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 370
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 374