Жұма, 3 Мамыр 2024
46 - сөз 3591 10 пікір 25 Маусым, 2020 сағат 12:02

Жер дауын Путин емес, біз даулауымыз керек

Қоғамда Ресей президенті Владимир Путиннің осыдан біраз күн бұрын жер мәселесі жөнінде айтқаны талқыға түсіп жатқаны белгілі. Әрине кез-келген «елім, жерім» дейтін азамат Путиннің айтқанына қарсылық білдірері анық. Есіңізде болса, 2014 жылыда Путиннің «қазақта мемлекет болмаған» деген әңгіме айтып, айды аспанға бірақ шығарғаны бар. Мына айтқандары да соның жалғасы іспетті. Тек бұл жолы бізге ғана арнап емес, кезіндегі КСРО кеңістігінде өмір сүрген барлық ТМД-ға кіретін республикаларға қарата айтып отыр. Әрине таяқтың бір ұшы бізге тиері анық.

Сонымен ол былай дейді: «Совет Одағын құру туралы келісімде одан шығу құқығы да жазылған. Бірақ оның нақты процедурасы жоқтықтан мынадай мәселе туады: Қандай да бір республика Совет одағының құрамына кіреді, сөйтіп Ресейдің ірі көлемде дәстүрлі-тарихи аумағын алады. Сөйтеді де бір күні одақтан шығуға шешім қабылдайды. Олай болса, орыс халқының сыйлығын қоса әкетпей немен келдің, сонымен шығуың керек қой».

Бұл 21 маусым күні «Россия 1» телеарнасындағы «Москва. Путин. Кремль» хабарына берген сұқбатынан үзінді. Алайда араға бір күн салып, Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков президенттің айтқандарына түсінік беріп, «Ресейдің көршілеріне аумақтық талабы жоқ. Әңгіменің ауаны сыйға жер берілгені туралы емес, Конституцияда кеткен қателіктер туралы болды» деп әңгіменің тонын жұмсартты.

Қалай десекте, Путин ойындағысын айтты. Пиғылының қандай екенін танытты. Әйтпесе тарихтан мақұрым жан емес екен анық. Айналасында жүздеген кеңесшісі отыр, қаншама институттар жұмыс істеп жатыр. Солар әлемді қойып, ТМД елдірінің тарихын білмейді емес, біледі, айтпайды емес айтады. Бірақ Путин Ресейдің әлеуеті баяғыдай мықты екенін танытқысы келіп, айналасына сес көрсетіп сөйлеп, үрейде ұстағысы келеді. Бірақ оның дегені енді бола қояр ма екен?

Басқа республиканы қайдам, қазақ елінің біраз жері патшалық Ресеймен большевиктік Ресейдің қанжығасында кеткені тарихтан белгілі. Нақтылайтын болсақ, Орынбор, Астрахань, Челябі (бұрынғы атауы Селебе) және Омбы шаһары және оның маңындағы ұлан-ғайыр жер Ресейдің қармағында қалды. Әгәрәки қажет болса, жер дауын Путин емес, біз даулауымыз керек. Путин мұны неге айтты? Әрине Батыс елдері салған санкцияның құрсауында қалып, экономикасы тұралап, халықы аш-жалаңштана бастаған кезде, түсіп кеткен беделін көтеру үшін, айтуы мүмкін. Бұл басқа әңгіме. Десек те, Путиннің бұл айтқандарынан біз қортынды шығаруға тиіспіз. Ол қатардағы жай адам емес, алып империяның басшысы. Демек Путиннің аузынан шыққан әрбір сөз, сол елдің көзқарасын білдіреді.

Әрине, қазіргі кезде көршілерімізбен соның ішінде Ресеймен саяси, экономикалық, мәдени қарым-қатынаста болғанымыз жөн. Бірақ Мәскеудің дегеніне көніп, бас шұлғи бергеннен ада болғанымыз, әрі абай болғанымыз дұрыс.

Азаматхан Әміртайдың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 919
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 773
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 600
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 619