Жұма, 3 Мамыр 2024
46 - сөз 3052 10 пікір 19 Маусым, 2020 сағат 11:29

Тым жалпақшешейлік үй ішінен үй тігуге әкеледі

Тағы жазуға тура келіп тұр. Біз халықтар түрмесі КСРО-ның кесірінен талай өзге этносқа пана болған елміз. Олар бар және өзіміз сияқты ел дамуына, экономикасына үлес қосып жатыр.
Тарихты өзгерте алмайсың, бірақ болашақты өзгертуге болады.

КСРО 40-жылдары өзге этностарды әкеліп, бізге депортациялап тастағанда, әр этносты белгілі бір аймаққа шоғырландырды. Кей этностар оған дейін келген еді. Мысалы дүнген, ұйғырлар. Ал орыстар отарлық саясатпен сонау Патша дәуірінен бастап келе бастады. Сол сәттен бастап біздің елімізде түрлі этностар тығыз орналасқан аймақтар бар. Мысалы Алматыда ұйғырлар, Жамбылда дүнгендер, Түркістан облысында өзбектер мен тәжіктер, солтүстік пен шығыстың кей жерінде орыстар дегендей. Яғни бұл этностар тұтастай бір ауылда тұрады, мемлекет олардың тарихын оқуына, тілін ұмытпауына жағдай жасаған, өзара өз тілінде сөйлегендіктен, мемлекеттік тілді білуге көбісі онша құлықты емес. Көбіне өз ұлттарына тән ауыл не елді-мекен атауын алған.

Былайша айтқанда тарихи отанында емес, жат жерде тұрса да, олар өздерін толық өз Атажұртында жүргендей сезінеді. Өйткені тілі, діні, ділі, мәдениетін сақтауға жағдай жасалып отыр. Бұл дұрыс та шығар. Өйткені өзіміз де басқа елде тұратын қазақтардың тілді, мәдениетті, тарихты білуіне ниеттіміз ғой. Бірақ бір бірақ бар.

Бірақ тым жалпақшешейлік үй ішінен үй тігуге әкелуі мүмкін. Саясаттануда кейде оны анклав деп жатады. Біз соңғы жылдары түрлі этностар мен титулды ұлт арасында бірнеше жанжалдар болғанын көрдік. Әрине, ол жерде бір этносты толықтай кінәлі ету қателік. Өйткені қақтығыстар көбіне тек күнделікті күйбең тірлік негізінде туындауда, бірақ оның этникалық сипат алып кету қаупін жаңағы анклав тектес аймақтардың болуы күшейтіп отыр.

Біз не істеуіміз керек? Ең алдымен сондай анклавтарға қандастарды жаппай қоныстандыру қажет. Өзге елден келген қандастарға сол аймақтардан жақсы жер, үй және шаруашылық жасауға мүмкіндік беру. Екіншіден жер атауларын толықтай қазақшалау. Бұл екі әрекет қазақыландыруды жылдамдатады. Мемлекеттік тілді және тарихты білуді үйрету үшін, мансап сатысында оны білуді міндеттеу. Яғни болашақта жақсы лауазым алғың келе ма, карьераң өскенін қалайсың ба, онда мемлекеттік тілді және Қазақстан тарихын білуің керек. Бәрі амалсыз оқиды.

Біздегі этностар осы елдің азаматтары. Құқықтары мен міндеттері бәрімен тең. Барлығы дерлік бақытты өмір сүруге, жұмыс істеуіне, отбасын құруына жағдай жасалуда. Бұл әділетті. Ал мемлекеттік және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жоғарыда айтылғанды істеу маңызды. Бұл біреуді шеттеу, біреуге қысым жасау емес. Бар болғаны елдік мүддені жоғары қою. Ақырындап (мүмкіндік болса жылдамдатып) осы қолға алынуы тиіс.

Асхат Қасенғалидың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 642
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 412
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 381
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 384