Жұма, 3 Мамыр 2024
Ел іші... 2379 4 пікір 17 Маусым, 2020 сағат 14:49

Мәжіліс карантинге кете ме?

Соңғы уақытта саясаткерлердің коронавирус жұқтырғаны туралы жиі еститін болдық. Бұған дейін Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли вирус жұқтырғанын мәлімдеген еді. Енді Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматуллиннен «ковидтің» белгілері анықталыпты. 

Нығматуллин вирусты Денсаулық сақтау министрі Біртановтан жұқтыруы мүмкін. Мәжілістің мәліметінше, 9-11 маусым аралығында ол «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің жобасына Сенат енгізген түзетулерге байланысты Денсаулық сақтау министрін қабылдаған.

Ал,14-маусым күні Біртанов коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді. Одан соң, Нығматуллин де іле-шала тест тапсырған. Сөйтсе, одан коронавирустың симптомсыз түрі табылыпты. Сөйтіп ол өзін-өзі оқшаулап, қашықтан жұмыс істеуге көшкен.

Жалпы, коронавирус Мәжілістен алғаш рет анықталып тұрған жоқ. Әлгінде депутат Бекболат Тілеухан да вирус жұқтырып, ауруханада жатқанын жазды.

Осыдан соң мәжілісмендер жаппай оқшауланар деп едік. Бірақ, олар жұмыстарын жалғастырып жатқан сияқты. Мәселен, бүгін вице-сипкер Мәжілістің жалпы отырысын өткізіпті.

Айта кетейік, Мәжілісте 107 депутат бар. Олар үш саяси партиядан және Ассамблеядан. Осылардың ішінде төраға Нығматулин мен депутат Тілеухан індет жұқтырғанын ашық мойындады. Бірі ауруханада ем қабылдап жатса, екіншісі оқшауланып, «үйінде» жатыр. Қалғандар ше? Қалған 105 депутат вирусқа қатысты тест тапсырды ма? Мәжіліс карантинге кете ме? Ол жайлы ресми ақпарат тараған жоқ.

Сонымен, қазір вирус белгілері анықталған немесе тест тапсырған, сақтық үшін оқшауланып жатқан шенділер:

Берік Уәли (ҚР Президентінің баспасөз хатшысы),

Асқар Мамин (ҚР Премьер-министрі),

Елжан Біртанов (ҚР Денсаулық сақтау министірі),

Асхат Аймағамбетов (ҚР Білім және ғылым министрі),

Сапархан Омаров (ҚР Ауыл шаруашылық министрі),

Мағзұм Мырзағалиев (ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі)

Нұрлан Ермекбаев (ҚР Қорғаныс министрі),

Нұрлан Нығматулин (Мәжіліс төрағасы),

Бекболат Тілеухан (Мәжіліс депутаты),

Бердібек Сапарбаев (Жамбыл облысының әкімі),

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 824
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 658
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 525
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 536