Жұма, 3 Мамыр 2024
Сайлау 4601 7 пікір 16 Маусым, 2020 сағат 13:07

Өкілеттігі аяқталатын 17 сенатор сайлауға қайта түсе ме?

2020 жылы 12 тамызда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы өтеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған қаулыға өткен аптада жарияланды.

Сенат – 49 депутаттан тұрады. Депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - 6 жыл. Алдыңғы Сенат депутаттарының сайлауы 2017 жылғы 28 маусымда өткен. Ал 2014 жылы сайланған Сенат депутаттарының өкілеттілік мерзімі 2020 жылдың 14 қазанында толады.

Демек биыл 2014 жылы сайланған депутаттар орнын босатады. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевтың мәліметінше, өңірлерден сайланған 17 депутаттың өкілеттік мерзімі аяқталаған екен.

Өкілеттілік мерзімі аяқталған сенат депутаттары:

Серік Жақсыбеков

64 жаста. «Цесна» Корпорациясы» АҚ Төрағасы, директорлар кеңесінің Төрағасы болып қызмет істеген. Астананың (Нұр-Сұлтан) бұрынғы әкімі Әділбек Жақсыбековтің інісі. Астана қаласынан сайланған.

Төлеубек Мұқашев

70-те. Алматы қаласынан сайланған Сенат депутаты.

Аңсар Мұсаханов

Биыл 54-те. Алматы обылысының бұрынғы әкімі. Осы өңірден сайланған.

Марат Тағымов

68 жаста. Ақтөбе обылысы әкімінің бұрынғы орынбасары. Ақтөбе облысынан сайланған.

Рашит Әкімов

66-да. Ақмола облысы әкімінің бұрынғы орынбасары. Аталған өңірден сайланған.

Сәрсенбай Еңсегенов

57-де. Атырау облысының Құрманғазы, Жылыой, Қызылқоға аудандарының Құрметті азаматы. Атырау облысынан сайланған.

Ерболат Мұқаев

59-ға толады. БҚО әкімінің аппаратын басқарған. Осы өңірден сайланған.

Мұратбай Жолдасбаев

63-те. Жамбыл облысы әкімінің бұрынғы орынбасары. Жамбыл облысының атынан сайланған.

Сергей Ершов

60-та. Қарағанды облысынан сайланған Сенат депутаты.

Серік Бектұрғанов

63-те. Қостанай облысы әкімінің бұрынғы орынбасары. Қостанайдан сайланған.

Бекмырза Еламанов

70 жаста. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болған. Қызылорда облысынан сайланған.

Михаил Бортник

60-та. Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары. Осы аймақтан сайланған.

Әли Бектаев

58-де. «Ауыл» партиясының төрағасы. Оңтүстік Қазақстан (Түркістан) облысынан.

Манап Көбенов

63-те. Павлодар облысынан сайланған.

Ольга Перепечина

53 жаста. Солтүстік Қазақстан облысында қаржы саласында жұмыс істеген. СҚО-дан сайланған.

Сергей Плотников

60-қа толады. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бұрынғы орынбасары. ШҚО-дан сайланған.

Айгүл Қапбарова

45-ке толады. Сенат депутаты болып Шымкент қаласынан сайланған.

Жоғарыда аты аталған 17 сенатордың кейбірі 12 тамызда өтетін сайлауға қайта қатысуға ниет білдіріп отыр. Солардың бірі - Қарағанды облысынан сайланған Сергей Ершов. 60 жастағы Ершов мырза алдағы Сенат депутаттары сайлауына қатысатынын өзі растады.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 881
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 740
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 569
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 579