Жұма, 3 Мамыр 2024
3691 1 пікір 15 Маусым, 2020 сағат 21:06

Алматыда карантин режимі күшейтілді

Алматы билігі карантинді күшейтті. Бұл туралы «coronavirus2020.kz» сайты хабарлады.

Бірлі-жарым сауда орындарында жұмыс уақыты қысқартылды. Енді:

Базарлар жұмыс күндері 9:00-ден 16:00-ге дейін, жексенбі күндері – 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал ойын-сауық орталықтары 10:00-ден 21:00-ге дейін ғана ашық болады. Алайда, тамақтану орындары, ойын алаңдары мен кинотеатрлар жұмысына рұқсат берілген жоқ.

Сондай-ақ, банкет залдарының, бильярд клубтарының, компютерлік орталықтар мен боулингтердің, букмекерлік кеңселердің жұмыстары тоқтатылды.

Сонымен қатар, банктер 50 пайыз қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеу режиміне көшіреді. Мемлекеттік органдардың, Ұлттық компания филиалдарының 50 пайыз қызметкерлері де үйден жұмыс істеуге міндетті. Еске алу кештерін, салтанатты іс-шараларды өткізуге тыйым салынды.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары онлайн форматқа ауысты. Ал ХҚКО онлайн рәсімделмейтін құжаттар үшін  10:00-ден 16:00-ге дейін ғана жұмыс істейді. Қаладағы тамақтану орындарының жұмыс уақыты 22:00-ге дейін шектелді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 683
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 477
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 417
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 418