Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
5556 0 пікір 30 Мамыр, 2020 сағат 16:47

Қазақстанның үздік университеттерінің рейтингі жарияланды

Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі Қазақстанның үздік университеттерінің жыл сайынғы Ұлттық рейтингін жасады. Оның құрамына 44 оқу орны кіреді,- деп хабарлайды kapital.kz.

Рейтингке әртараптандырылған, техникалық, гуманитарлық, экономикалық, медициналық және педагогикалық бағыттағы 44 оқу орны кіреді.

Рейтинг нәтижелері бойынша, көпсалалы университеттер арасында көшбасшы - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті; техникалық унмверситеттер арасында - Сәтбаев университеті; гуманитарлық және экономикалық жоғары оқу орындары арасында - КИМЭП Университеті; педагогикалық университеттер арасында - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті; медицина бойынша - Семей қаласының медициналық университеті және ең үздік өнер университеті - Қазақ ұлттық өнер университеті үздік деп танылды.

«Рейтинг жан-жақты және академиялық белсенділікті, студенттердің үлгерім көрсеткіштерін, профессорлық-оқытушылық құрамның жұмысын, ғылыми-зерттеу және инновацияларды, халықаралық ынтымақтастықты, ақпараттық қолдауды (университеттердің веб-сайттары мен мобильді қосымшалары), түлектердің жұмысқа орналасу нәтижелерін, сондай-ақ бағалауды қамтиды. Жұмыс берушілердің беделі мен тәуелсіз сарапшылардың пікірі, осы жылы студенттер мен түлектердің пікірлері де ескерілді», - дейді агенттік өкілдері.

Сауалнама электрондық пошта арқылы сарапшылар, жұмыс берушілер, студенттер мен түлектер арасында жүргізілген. Нәтижесінде, сауалнамаға 500-ден астам жұмыс беруші, 150 сарапшы, 3000 студент және 2000 түлек қатысқан.

Abai.kz

0 пікір